Негізгі Жаңалықтар Жаңа деңгейге қадам

Жаңа деңгейге қадам

Өзгеден үйрене отырып, өз жетістікеріңді де ұсыну. Қазақстан халқына арнаған жаңа Жолдауында Мемлекет басшысы елді дамудың жаңа деңгейіне көтеруге бағытталған басымдықтарды айқындады. Негізгі бағыттардың қатарында логистика, жасанды интеллект және білім берудегі тең мүмкіндіктер бар.

Қазақстанның географиялық орналасуы – ел үшін үлкен артықшылық. Алайда бүгінгі таңда жүктерді ел аумағы арқылы өткізіп қана қою жеткіліксіз. Оларды өңдеу, тасымалдау және тарату арқылы экономикалық пайда табу маңызды. Мемлекет басшысының Жолдауында бұл бағытқа ерекше назар аударылған. Нақты жобалардың бірі – «Бақты – Аягөз» теміржол желісі. Ол іске қосылғаннан кейін Қытай бағыты өткізу қабілетін 20 миллион тоннаға арттыруы тиіс. 

Алайда технологиялық серпіліс тек жаңа жолдардың ұзындығымен немесе компьютерлердің қуатымен өлшенбейді. Ең бастысы – ауқымды өзгерістер адамдар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашуы керек. Бұл ретте әр адамның қабілетіне, жасына және тұрғылықты жеріне қарамастан, тең жағдай жасалуы маңызды. Экономикалық өсім мен адами әлеуетті дамытуды қаншалықты ұштастыра алатынымыз Қазақстанның жаңа тарихи кезеңге қандай келбетпен қадам басатынын айқындайды.

Жұлдыз Қабылденова

 



Бөлісу