Негізгі Жаңалықтар Барымташылар тобы құрықталды

Барымташылар тобы құрықталды

Криминалдық полиция қызметкерлері бірнеше рет мал ұрлығын жасады деген күдікке ілінген топты ұстады. Қаскөйлер аудан тұрғындарының үй жануарларын жүйелі түрде ұрлап отырған. Бірнеше ай ішінде күдіктілер мал ұрлығының 5-тен астам дерегіне қатысы бар болғаны анықталды. Олардың олжасына жылқы мен ірі қара мал айналған.


Жедел түсірілім

Жедел-іздестіру іс-шараларының кешені барысында барлық күдіктінің жеке басы анықталды. Олар облыс тұрғындары болып шықты. Мал сатып алушыларының бірінің тұрғылықты жерінде жүргізілген тінту кезінде ұрланған екі жылқы, бес бас ірі қара мал, сондай-ақ көлік құралдары табылып, тәркіленді. Төрт күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды, ал бір күдіктіге ешқайда кетпеу туралы қолхат берілді. Тергеу жалғасуда. Ведомствода атап өткендей, ауыл тұрғындары үшін мал – жай ғана мүлік емес, негізгі табыс көзі әрі бірнеше айлық еңбектің нәтижесі. Әрбір дерек бойынша полиция кінәлі тұлғаларды анықтау, оларды қылмыстық жауапкершілікке тарту және ұрланған мүлікті қайтару бағытында шаралар қабылдайды. Сонымен қатар жедел уәкілдер күдіктілердің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеріп жатыр. 

Самал Қалиқызы

 



Бөлісу