Павлодар тұрғындарының өтініштері бойынша кездесу
«Қала жаңалықтары» айдарында облыс орталығында болып жатқан оқиғалар туралы хабарлаймыз. Павлодар қаласының әкімі Хасар Хабылбеков көшеге асфальт төсеу, тротуар салу жөнінде өтініш білдірген қала тұрғындарымен кездесті.
Хасар Хабылбеков, Павлодар қаласының әкімі
– Әйел: Бұл тротуар сіздің арқаңызда жасалды. Ендігі мәселе көшенің екінші жағындап туындап отыр. Ол жерден жылу желісі өтеді. Соған жол белгілерін орнатуыңызды сұраймыз. Көліктер тротуардың үстіне қойылады.
Әкім: Есімде, ол барғанмын. Сол кезде балалар алаңқайына қатысты мәселе де болған еді, оған орын таба алмай жүрген болатынбыз. Бірақ кейін орын табылып, мектеп аумағында балалар алаңқайы жасалды.
Ендеше, былай жасайық: көшені асфальттау жұмыстарын 2027 жылдың жоспарына енгіземіз. Сонымен қатар тротуарды да қайта жасаймыз. Бордюрлерін биіктетіп, талапқа сай етіп саламыз. Осы жерден тротуардан тротуарға дейін жаяу жүргіншілер өткелін орнатамыз. Ал полиция жұмысына келсек, бұл бағыттағы бақылауды күшейту қажет. Учаскелік полиция инспекторы осы аумақта тиісті жұмыстар жүргізсін.
Әйел: Біз жаққа асфальт төсегендеріңіз үшін алғысымызды білдіргіміз келеді. Асфальт әдемі, тегіс төселген.