Ел рухы – жастар күші
Заң және тәртіпті жастар қалай түсінеді? Қоғамда заң мен тәртіптің сақталуы үшін олар не істеуі керек және не істеліп жатыр? Өңір жастары осы бағытта өзара сынасты. Тілші жалғастырсын.
«Ел рухы –жастар күші» облыстық патриоттық сайысы алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Байқау жастар арасында патриоттық сезімді, азаматтық жауапкершілікті нығайтуға бағытталған.
Болат Нұрмахан, қатысушы (Май ауданы, «Май елі жастары» командасы)
«Заң және тәртіп» аясында біздің мектебімізде өзекті болғане соң, қозғап отырмыз. Буллингті қозғап, кішкентай балаларды қолдап, құрметтеуді үйретіп жатырмыз. алдын алу шараларын жасап жатырмыз. +++Әрине біздің мектепте КВН, дебат, тб үйірмелер бар. Менің ойымша алдын алу шаралары болады.
Жалпы байқауға әр аудан, қаладан командалар келіп бақтарын сынады. Олар 4 кезеңнен өтті.
Жаннұр Ахметжанова, Павлодар облысы ақпарат және қоғамдық даму басқармасының бөлім басшысы
Енді бірінші бөлімде әр команда өз визиткасын дайындайды. өз жобаларын қорғайды. Команда капитандары жарысады. Төртінші орында викторина өтеді. Ең тез қатысқан команда жеңімпаз атанады.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздарға алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.
Самал Қалиқызы