Негізгі Жаңалықтар Ана тілі үшін ат үстінен түспеген жылдар

Ана тілі үшін ат үстінен түспеген жылдар

Павлодарда ақын, жазушы, журналистика ардагері Жұмағали Қоғабайдың «Ана тілі үшін ат үстінен түспеген жылдар» кітабы жарық көрді. Онда Тәуелсіздік жылдарында қазақ тілі үшін Екібастұз қаласында қандай еңбек жасалғаны, кімдердің осы жолда тер төккені баяндалады.



Еліміз тәуелсіздік алған соң қазақ тілін дамыту, ана тілін өз тұғырына қайта қондыру жолында үлкен еңбек жасалды. Бұндай үлкен істің басы-қасында көптеген тіл жанашырлары еңбек етті. Әлі де еңбек етуде. Ақын, жазушы Жұмағали Қоғабайдың жаңа кітабында ұрпақ үшін игілікті іс жолындағы ілкімді істер айтылады.

Жұмағали Қоғабай, кітап авторы, Қазақстан журналистер одағының мүшесі

Бұл материалдар, кітапқа енген материалдар, деректермен, дәйектемелермен, сілтемелермен, газетке шыққан материалдармен, хаттамалармен, іс-қағаздармен. Бір айта кетерлігі осы 36 жылда 13 әкіммен жұмыс істеппін. Олардың тілге деген көзқарасы қалай болды? Қандай еңбек сіңірді? Екінші бөлімде осыған тоқталам. Үшіншщі бөлімде өзімнің тіл туралы өлеңдерім жарияланады.

Еңбек энциклопедиялық сипатта. Тарихтың, уақыттың үні хатталғанымен құнды. Тұсаукесер рәсіміне жиналған зиялы қауым алдымен автордың иығына шапан жапты. Артынша, кітаптың лентасы салтанатты түрде қиылды. 

Тұсаукесер шарасына Астана қаласынан қадірлі қонақтар онлайн форматта қосылды. Олардың бірі ақын Жұмағали Қоғабаймен қанаттаса жүріп, Екібастұзда ана тілінің өріс алуы жолында еңбек еткен Батырбек Мусин. Ал, шаһардағы жалғыз қазақ мектебінің табалдырығын аттап, кейін елге еңбек ету жолында биік белестерді бағындырған Бағдат Мусин да шараға онлай қосылып, ізгі тілегін жеткізді.

Астана

Бағдат Мусин, «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы

Жиналған қауым барлықтарыңызға рахмет! Жиналып, осылай қолдап, бір-біріңізге сый-сияпат көрсетіп жатқандарыңызға. Қазақ тілінің дамуына ат салысып жүрген барша азамат ұлт жанды шығар деп ойлаймын.

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Президенті Рауан Кенжехан да шараға онлай қосылып, Жұмағали Бижанұлының еңбегіне алғыс білдірді. 

Астана

Рауан Кенжехан, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті

Халықаралық қазақ тілі қоғамы бар, оның аймақтардағы филиалдары бар. Соның басы-қасында жүрген азаматтардың еңбегінің арқасында қоғамда, бизнесте, өзге де салаларда қазақ тілі мәртебесі өсіп келеді. Бұл тұрғыдан Жұмағали Бижанұлына үлкен еңбегіңіз үшін халықаралық қазақ тілі қоғамы атынан, қоғамммен біріккен азаматтар, мамандар атынан, тіл жанашырлары атынан шын жүректен ризашылығымызды білдіреміз.

Шара әрмен қарай, зиялы қауым өкілдерінің ізгі тілегімен Жалғасты. Сөз алғандар оқырманға жол тартқан жаңа еңбектің ұрпаққа берері мол екеніне тоқталды. 




Бөлісу