Өңірге құрылтай депутаттары келді
Павлодар облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттары келді. Олар алдымен Торайғыров университетінде ғалымдармен, студенттермен кездесті. Мемлекет басшысының Жолдауына қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Қазір құрылтай депутаттары еліміздің түкпір түкпірінде Мемлекет басшысының жолдауына қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осы мақсатта өңірге ҚР Құрылтайының депуттары Жарқынбек Амантайұлы, Илья Теренченко және Қазақстан Халық кеңесінің мүшесі Вера Ким, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Эльдар Күзенбаев келді.
Жарқынбек Амантайұлы, ҚР құрылтайының депутаты
Біздің мақсатымыз – халықты түсіндіру Мемлекет басшысының Жолдауын халықты жұмылдыру аясында қатысушы екенін түсіндіру. Негізгі мақсаттарды айқындау.
Торайғыров университетінде 200 ге жуық профессорлық оқытушылық құрам мен студент жиналды. Академиялық орта Жолдаудың мән мағынасын терең түсініп, біліп отыр. Елдегі өзгерістердің басы қасында жүретіндер де осы кісілер. Себебі, Президент атап кеткен әр сала осы білім ордасында тәрбиеленіп жатқан болашақ мықты мамандармен байланысты.
Саят Егешбаев, студент
Иә, Жолдауды 28 күні көрдім. Ол Жолдауды студенттер толығымен қолдаумыз. Осы Жолдаудан кейін біраз өзгерістер болады деп сенеміз.
Бұл мақсаттағы кездесулер әлі ірі кәсіпорындарда, оқу орындарында жалғасын табады.
Самал Қалиқызы