Күйшілер одағының филиалы өңірдегі күй өнерінің дамуы үшін жасалып жатқан ақжолтай қадамдардың бір. Одақ күйшілердің басын қосып, бір мақсат жолында жұмылуына жол сілтейді. Жас таланттарды ресми қолдау мүмкіндігін сыйлайды. Филал табалдырығын аттап, ақжол тілеуге келген аға өнерпаздар мен күй жанашырлары да осы үмітте.
Асқар Кенжеғалиев, «Күйшілер одағы» республикалық ҚБ төрағасы:
Павлодар облысы күйшілер одағы филиалын ел бойынша жетінші болып ресми тіркеп отыр. Құтты болсын дейміз. Қазақтың күй өнері өзінің жалғасын таба берсін деген тілектеміз.
Ашылу салтанаты барысында филиал төрағасы ресми таныстырылды. Өңірлік күйшілер одағы тізгіні жас күйші Ерасы Әділбековке табысталды. Ол алдағы уақытта көптеген жоспары, мақсаты бар екендігін жеткізіп, қолдау білдіргендердің баршасына алғыс айтты.
Ерасыл Әділбеков, «Күйшілер одағы» ҚБ ПОФ төрағасы
Рүстембек Омаровтар болашақта шықса біз өте қуанамыз. Бүкіл Қазақстанға ғана месе, әлемге әйгілі болып жатса. Бұл- күйшілер одағының басты мақсаттарының бірі. Осы жолда талмай еңбек етеміз. Таланттарды алдыға шығарып.
Қазақстан күйшілер одағы қоғамдық бірлестігі 2019 жылдан бері өз жұмысын жүргізіп келеді. Бүгінгі таңда ел бойынша 100-ден астам мүшесі бар. Павлодар облысында филалы ашылуына байланысты тағы 6 күйші мүшелікке өтті.
Жанасыл Серікбол