Қарекет қорының басты мақсаты - мұқтаж жандарға, жетім-жесірлерге, мүмкіндігі шектеулі адамдарға, көпбалалы, жалғызбасты аналарға үй немесе жер телімін сатып алуға көмектесу. Бүгін 4 балалы ана баспаналы болды. 3 қыз бен бір ұлды тәрбиелеп отырған Венера Каканованың қуанышында шек жоқ.
ВЕНЕРА КАКАНОВА, көп балалы Ана
Шыны керек біз мұндайды күтпеген едік. Бұл қайрымдылық қоры туралы білген де жоқпыз. Павлодар қаласында пәтер жалдап тұрдық. Бізге мұғалімдер хабарласқаннан кейін, сенген жоқпыз басында. Енді ондай нәрсе бола бермейді ғой әркімде. 00:27///// + 00:51 Енді міне мына үйге келдік. Үш күннің ішінде болған . Құдайдың қалауымен Алла тағаланың қалауымен 01:22/////
Қайырымдылық қорының құрылғанына 6 ай толады. Дегенмен аз уақыттың ішінде оның шапағатын көргендер көп. Еліміз бойынша бүгін 5-ші үйдің кілті табысталды.
АЛҒАДАЙ ӘБІЛҒАЗЫҰЛЫ, «Қарекет» қайырымдылық қорының жетекшісі
Павлодарға келгелі 4 күн мұқтаж жанды іздедік. Көптеген үміткерлер болды, тіпті, алты баласы бар жалғызбасты аналар болды. сол кісілерге берейік деп басында ойладық. Бірақ барып сөйлескеннен кейі, бұл қызық нәрсе ғой ол кісілер өздері бас тартты да. Өйткені біз қалада тұрғымыз келеді , өкіметке кезекке тұрып қойған едік деп бес жылдан кейін пәтер аламыз деп сондықтан да бармаймыз деп Содан іздеп іздеп келгенде , осы қарындасқа тоқталдық.
Жалғызбасты ана үшін бұл күн тағы бір есте қаларлық оқиғамен ерекшеленді. Оған 3-бөлмелі үйдің кілтін Алматыдан арнайы келген танымал әнші Мақсат Базарбай табыстады.
МАҚСАТ БАЗАРБАЙ, әнші
Осы үйді тапсырып жатқан кезде ана келіншек көзіне жас алып жатыр. Мен де көзімнің жасын жасыра алмадым. Қуаныштымын. Бұндай шара көп болу керек. Бағана айтылғандай жаюыла көтерген жүк жеңіл дейді әр қазағым жалғызым дейді сондықтан да . қазағымыз біздің жетімді жесірді жылатпаған .
“Қарекет” қайырымдылық қоры баспанаға мұқтаж жандарға қолдау көрсету ісін жалғастыра бермек.