Естай атындағы мәдениет үйінде 6679 әскери бөлімінде қызметін абыроймен аяқтаған сарбаздарды салтанатты түрде шығарып салу шарасы өтті. Отан алдындағы бір жылдық борышын адал атқарған жастар енді туған үйлеріне қайтуға дайын.
Әскери бөлімнен барлығы 137 сарбаз шығарылды. Олар Семей, Өскемен, Астана және Қостанай қалаларынан келген. Қызмет барысында тәртіп пен тәрбиеге бой үйретіп, әскери дайындықтан өткен сарбаздарға арнайы марапат қағаздары табысталды. Марапатты бөлім басшылығымен қатар, Павлодар қалалық әкімдігі де табыстады.
Айбек Арыстанбаев, Павлодар қаласы 6679 әскери бөлімінің командирі
Осы 1 жыл ішінде өздерінің Отан алдындағы қызметін атқарып, түзеу мекемелерінде жауынгерлік қызметті атқарды. 1 жыл ішінде 120 жауынгерлік қызмет атқарды әр сарбаз. Біздің мемлекетіміздің әр отан сүйер азаматы ҚР алдындағы міндеттерін атқарау тиісті деп ойлаймын. Әр сарбаз, әр азамат Отан алдындағы борышын әскери бөлімдерде атқару керек. 1 жыл ішінде сарбаздар Отан қорғауды үйренді, ер азамат болып осы жыл ішінде көптеген әскери тәртіпке үйренді. Қазір енді үйлеріне қайтуға бет басып отыр.
Сарбаздарға көрсетілген құрмет мұнымен шектелмейді. Қызметін сәтті аяқтаған жас жауынгерлерге жоғары оқу орындарынан арнайы білім гранттары бөлінеді. Бұл ел қорғанына айналған жастардың болашағына жасалған нақты қолдау.
Айдос Сатанов, сарбаз
Мен осы бір жыл ішінде төзімділікке, шыдамдылыққа және достыққа бекен болуға үйрендім. Жаңа достар таба білдім. Атқыштар ротасына басында келгенде түсінбедім. Ол жерге ерекше сарбаздадарды алғандықтан мені сол ротаға бөлді. Басында әрине оңай болған жоқ. Алайда, төзе білдік. Бір жыл тез арада өтіп шықты.
Отан алдындағы әскери борышты өтеуге келген жас сарбаздар легі де толықты. Олар Өскемен, Петропавл мен Көкшетау қалаларынан келіп, енді қызметті жаңадан бастайды.
Сабина Жолдаспаева