Биыл «Ақтоғай» сауықтыру лагерьі аудан балаларына мазмұнды демалыс ұсынуда. Қазір алғашқы ауысымның жұмысы қызу. Демалушылар ұлттық бағытта тәрбие алып, түрлі қолөнер үйірмелеріне қатысуда.

Лагерь демалушыларына Ақтоғай өнер мектебінің оқушылары концерттік бағдарлама ұсынуда. Домбырашылар ансамблі қазақ күйін әуелетті.

Ал, бұлар осы мектептің гитарашылар ансамблі. Осы уақытқа дейін үйренген өнерлерін ортаға салуда.

Лагерь демалушылар үшін өзге де өнерпаздар достары келіп ән шашу тартты. Биледі. Муызкалық аспапта өнер көрсетті. Бұның бәпі балалардың, яғни, осында демалушылардың өнерге қызығушылығын арттыру жолында жасалуда.

Жандос Жақыпов, лагерь басшысы

Осы айдың 16-сы күні балалар келді. Ашылу салтанаты 18-і күні болды. Бірінші ауысым 25 не дейін болады. Екінші ауысым 30-нан бастап келесі айдың 9-на дейін болады. Елу бала. Бізде ақылы түрде де болады. Балалардың әлеуметтік жағдайына байланысты тегін түрде де келе алады.

Лагерь Ақтоғайдан 8 шақырым қашықтықтағы Жоламан ауылында олрналасқан. Балаларға негізінен ұлттық бағытта тәрбие беруде. Ол үшін түрлі қолөнер үйірмелері жұмыс істейді. Арнайы шеберлер оқушыларға ою пішу, киіз басу, жүн түту, ши тоқу сияқты өнердің қыр-сырын үйретеді. Сонымен қатар, домбыра, ұлттық панно үйірмелерідің жұмысым қызу. Жалпы лагерьде демушыларына арналған бір күндік бағдарлама мазмұнды әрі пайдалы.

Жандос Жақыпов, лагерь басшысы

Таңертең тұрады. Таңертең сегізде тұрады. Жаттығу әрекеттерін жасайды. Тоғызда тамаққа кіреді. Бес уақыт тамақ береміз. Әр түрлі алаңдарда үйірмелерге қатысады. Ұлттық бағыттағы үйірмелер. Қызығушылықтары бойынша әр түрлі неде болады береді.

Балалардың жатын орны жаңа. Демалушылар үшін жайлы жағдай жасалған. Тек, білім алып, өнер үйренуге ниетің болса болғаны.

Міне, балалар түскі асқа жиналды. Аспаздардың дайындаған дәмді тағамдарынан татып көруде. Ауқаттып алған соң жемалу бағдарламасы әрмен қарай жалғасады.

Жанасыл Серікбол