Павлодар облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде Ашық есік күні өтті. Кез келген адам ведомствоның жұмысымен таныса алды. Алғашқы келушілердің арасында мектеп оқушылары да болды.
Департамент қызметімен танысуға келген қонақтарға сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметінің қандай өтініштер қабылдайтыны, сұрау салулар қалай жүргізілетіні және өңделетіні, сондай-ақ өтініш берудің қандай тәсілдері бар екендігі айтылды.
Нұргүл Сейітова, Павлодар облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің штаб басқармасының офицері
Бүгін ҚР сыбайлас жемқороыққақарсы қызметтерінде ашық есік күндері өтуде. Негізгі мақсат жұмыспен таныстыру. Өтініш беру туралы кеңес бермекші.
Кездесуде қатысушылар тыңдап қана қоймай, күнделікті өмірдегі сыбайлас жемқорлық, ұсақ пара үшін жауапкершілік туралы, егер ол құқық бұзушылыққа куә болса, өзін қалай ұстау керектігі туралы сұрақтар қойды.
Тәттігүл Балықбай, №36 ЖОББ мектебінің оқушысы
Маған өте ұнады, шақырғандарына рахмет. Мен тіпті бұл жерде осындай департамент барын білмедім. Қызық болды, жұмыстың бәрін таныстырды. Қандай мәселелермен осында жүгінуге болатыны жайлы да айтылды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру ерте жастан маңызды. Жастар - бұл құндылықтарды болашақта қоғамға жеткізетін аудитория.
Гүлнар Исенова, «Әділдік және өркендеу» ҚҚ Павлодар облысы бойынша басшысы
Менің ойымша, бүгінгі шараға жастар көбірек қатысу керек, соның арқасында қоғамды жайлап кеткен сыбайлас жемқорлықпен күреседі деген ойдамын. Заңбұзушылықтардың барын ашық айтқанда біз Әділ Қазақстан бола аламыз.
Ұйымдастырушылардың пікірінше, мұндай форматтағы кездесулер мемлекеттік органдарға деген сенімді нығайтуға, құқықтық сауаттылықты арттыруға және жастардың азаматтық жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал етеді.
Самал Қалиқызы