Павлодарда тәуелсіздік алған жылдан бері қызмет барысында 8 полицей қаза тапты. Бүгін осы азаматтарды еске алу шарасы өтті. Толығырақ тілші сюжетінде

Полицейлер жиі сынға ілініп жатады, соған қарамастан өмірімізде қандай да бір жағдай орын алса бірінші кезекте осы тәртіп сақшыларынан көмек сұраймыз. Елдің тыныштығын қорғау және азаматтардың өмірін сақтау жолында талай азамат қаза тапты. Павлодарда осы қаза тапқан полицейлерді бір минуттық үнсіздікпен еске алды.

Павлодар облысында қызметтік міндетін атқару барысында 1996 жылы 23 жастағы Қанат Сармантаев қаза тапқан еді. Содан бері 20 жылдан асса да, оның ата-анасына полицейлер әлі құрмет көрсетеді.

Болат Сармантаев, Қанат Сармантаевтың әкесі

Қарағандының высший школа милицийге түсіп келді. Осында істеді. 1996 жылы 3 июнь келді. Атып кетті деп. Балам ГСК дейді сонда істеді, индустриальный районда. Балам жоқ, полицейлерді көргенде қуанып тұрмын. Жылда шақырады. Рахмет. Тыныштық болсын. Шақынғандарынңа мың да бір рахмет.

Павлодар облысында осы жылдары қызмет барысында 8 полицей қаза тапқан.

Лаура Байбек, Павлодар облысы полиция департаментінің тәрбие және кадр жұмысы жөніндегі басқармасы бастығының М.А

Тәуелсіздік жылдары Павлодар облысында қызметтік міндетін ақтарып жүрген 8 полицей қаза тапты. Олардың ішінде учаскелік полиция инспекторлары, жедел уәкілдер бар. Жас буын, жаңа келген құқыққорғаушылар оларды біліп, еске алып жүргенін қалаймыз.

Сонымен, 1991 жылдан бері елімізде 850-ге жуық полицей қызмет барысында қаза тапқан. Сонымен қатар қызметтік міндеттерін өтеу кезінде полицияның 2320 қызметкері жарақат алған.

Самал Қалиқызы