Павлодарда халықаралық қазақ тілі мен әдебиеті олимпиадасы басталды. Оған шетелде тұратын қазақ диаспорасының өкілдері қатысуда. Білім бәйгесінде 9-11 сынып оқушылары бақ сынауда. Олимпидананың шалыу салтанатына тілшіміз куә болды.
Шетелдегі қазақ диаспорасының балаларына арналған олимпиада биыл 22-рет ұйымдастырылуда. Биыл да қатысушылар саны мол. 60 тан астам оқушы жиналған. Қытай, Монғолия, Қырғызстан, Ресей Федерациясының Омбы мен Саратов облыстарынан қатысушылар бар.
Айгүл Мәлікова, Павлодар облысы әкімінің орынбасары
Өздеріңіз табан тіреп отырған бұл өлке ұлт тарихының талай құндылықтарын, руханиятының баға жетпес мұраларын айшықтап, паш етіп келеді. Жүздеген дара тұлғаларды тудырып, ұрпақтар сабақтастығының заңды жалғасын да жолға қойған осы өңір болып табылады. Алыптар шоғырының көш басына тұтастай ұлтымызға тұғыр болған талай маңдайалды марғасқа тұлғалар із қалдырды. Қасиетті өлкеге бүгін сіздер аяқ басып отырсыздар. Сондықтан, әрқайссыңыздың қадамдарыңыз құтты болсын.
Олимпиада шетелдегі дарынды қазақ балаларына қолдау көрсетуді мақсат етеді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары басталған жоба өз жемісін беріп келеді. Осындай шаралардың арқасында көптеген қазақ жастары тарихи отанға оралды.
Сүлеймен Мәмет, қазылар алқасының мүшесі
Олар өзі ғана емес қазақтың демографиясына үлес қосып жатыр. Мемлекеттік қызметте істеп жатыр. Ғылым ордаларында еңбек етіп жатыр. Бұл қазақтың өсіп-өнуіне жол ашып жатыр. Байтақ жерімізді қазақ халқының ұрпағымен толтырудан туған идея еді. Идея іске асып жатыр.
Олимпиада үздіктері Қазақстанда тегін білім алуға мүмкіндік алады.
Гүлназ Тұрсынбекова, қатысушы
Бала кезімнен Қазақстанда олқысам деген арманым бар. Сол үшін де бұл олимпиададан күтер мақсатым өте үлкен. Өте қатты қуантты мені Қазақстанның қонақжайлығы, бізді күтіп алғаны барлығы өте қатты қуантты.
Марал Жырғат, қатысушы
Қазақ балаларды қолдап, қолпаштам үнемі жақын тартып осындай олимпиада жүргізіп жатқанына алғысым шексіз Қазақстанға. Дайындығымызға келер болсақ бәрі өте керемет.
Олимпиаданы «ДАРЫН» республикалық ғылыми практикалық орталығы ұйымдастыруда. Қатысушылар эссе жазу, тарихы зертеу бағыттары бойынша сынға түседі.
Жанасыл Серікбол