Апта сайын Павлодарлық эндоскопист дәрігерлер ондаған күрделі және қымбат операциялар жасайды. Олар алдымен Барнаулда оқудан өткен, кейін ауруханаға қажетті жабдықтар сатып алынған. Мұндай ота міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі арқылы толықтай тегін көрсетіледі.

Бүгін эндоскопиялық ота 36 жастағы Екібастұз тұрғынына жасалды, оған өт жолында тас бар деген диагноз қойылған. Мұндай тастардың пайда болуына дұрыс тамақтанбау, майлы тағам мен энергетикалық сусындарды шамадан тыс тұтыну, уақтылы скринингтен өтпеу, дәрігерге кеш жүгіну басты әрі қауіпті факторлар болып табылады.

Ермек Тоқбаев, Павлодар қалалық №1 ауруханасының эндоскопист хирургі

Мұндай операциялардың құны 500 мың теңгеден басталады. Алайда, егер науқас міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушы болса, ота тегін жасалады. Операция жоспарлы түрде жүргізіледі. Бұл араласу түрі қымбатқа түседі, себебі арнайы құрал-жабдықтар мен шығын материалдары қолданылады. Барлық қолданылатын құралдар — бір реттік баллондар мен литотрипторлар. Олар елімізде өндірілмейді, шетелден сатып алынады.

Павлодар қалалық №1 ауруханасында күн сайын 2-3 шағын инвазивті ота жасалынады, ал жылына олардың саны 100-ден асады. Мұндай оталарды жасау 2022 жылдан бастап ресейлік мамандардан білім алғаннан кейін және заманауи медициналық жабдықтар сатып алынған соң жүйелі түрде жүзеге асып келеді.

Ермек Тоқбаев, Павлодар қалалық №1 ауруханасының эндоскопист хирургі

Бұл науқас үшін алғашқы операция. Мұндай дерт кезінде адамда механикалық сарғаю байқалады. Ол дегеніміз көздің ағы мен терінің сарғаюы, оң жақ қабырға астында ауырсыну пайда болады. Кейін науқастың талдауларында өзгерістер орын алып жатады.

Операция орта есеппен бір сағатқа созылады, кейін науқас келесі күні-ақ жүріп-тұра алады. Егер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тіркелген болса, операция жоспарлы түрде тегін жасалады. Ал тіркелмеген жағдайда — процедура қымбат, себебі қолданылатын құрал-жабдықтар мен бір реттік материалдар шетелден сатып алынады.

Қымбат Садық