Павлодар қаласындағы №116 балабақша тәрбиешісі балалардың шашынан жұлқылап, бетінен шапалақпен ұрып, итеріп, денесінен ұрып-соғып, киімдерін дөрекілікпен ауыстырып жатқан сәттері камераға түсіп, әлеуметтік желіде жарияланды. Жағдай полиция департаментімен тергеліп жатыр.

Қаламыздағы №116 балабақшаның ата-аналары камераларды тексеріп, жаға ұстатар жайттарға куә болды. Кадрлардан тәрбиешінің аса қатыгездікпен балаларды ұрып, шаштарын жұлып жатқаны байқалды. Жағдай Павлодар облысының бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі Сәуле Шәкеневаның бақылауында.

Сәуле Шәкенева, облыстық бала құқықтары жөніндегі уәкіл

Кеше барлық ата-аналар полицияның оңтүстік бөлімінде түсініктеме берді. Балалар сот медициналық сараптамадан өтті. Ресивер менің көзімше алынды. Онда соңғы 30 тәуліктің мәліметі сақталады. Жәбірленуші балалардың саны артуы мүмкін, себебі осы топтың ғана емес, балабақшаның камералары тексеріледі.

Осы ретте, полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Осы ретте, бала құқықтары жөніндегі уәкіл ата-аналарға балалардың іс-әрекеті, мінез-құлқындағы өзгерістерге, денесіндегі қандай да бір жарақаттарға аса назар аударуға шақырды.

Самал Қалиқызы