№34  мектептің екінші қабатындағы акт залынан өрт шықты. Өрт дабылы белгі берген соң мекеме ішіндегілер бірден сыртқа ағылды.

Білім ордасында  оқитын 790 оқушы мен 135 қызметкер 2 минут 58 секунд ішінде ғимараттан толығымен эвакуацияланды. Мектеп ішінде 7 эвакуациялық шығу есігі бар.  Жалпы білім ошақтарында бұндай сақтық шаралары жарты жылда бір рет өткізіледі.

БОЛАТ АЙҒОЖИН,  №34 мектеп директоры

Бүгін біздің мектебімізде жоспар бойынша өрттен сақталу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Біріншіден біздің міндетіміз барлық оқушыларды, қызметкерлердіэвакуация бойынша мектептен шығару . тревожный сигнал түскенде өрт сөндірушілердің келулерінің алдында территрияны босату , оқушыларды өрттен ары қарай шығару. 

Қазіргі таңда бұндай оқу-жаттығу шаралары барлық білім ордаларында жүргізілуде. Павлодар қалалық Төтенше жағдай басқармасының бас маманы өрт кезінде жиі  кездесетін кедергілерді айтты.

ТІЛЕКЖАН ГАЛЯМОВ,  Павлодар қалалық ТЖ басқармасының бас маманы

Білім беру саласындағы көп кездесетін бұзушылықтар ол ғимарат терезелеріне тор орнату, жер төлелерге жиһаз және т.б жанды заттарды орнату, эвакуациялық шығу жолдарын бекіту, өрт дабыл жүйесінің дұрыс жасамауы тағы да осындай өрт қағидаларын сақтамау бұзушылықтары кездесіп жатады. 

Білім ордасында оқитын кез-келген оқушы өрт алған жағдайда не істеу керектігін жақсы біледі.

ТАМАРА ХМЕЛЬНИЦКАЯ, 9 сынып оқушысы

Біздің мектебіміздің әр қабатында және сыныбында эвакуациялық жоспар бар. Сондай-ақ, әр класста мақта-маталы таңғыштар бар. Эвакуация кезінде біз әрдайым мұғалімнің соңынан ереміз.   Ең бастысықорықпай,  дүрлікпеу керек.  

Өртке қарсы оқу-жаттығу жұмыстары жоспарлы түрде өтетін шаралардың бірі. Сондықтан тілсіз жаудың алдын алу үшін барлық  сақтық шараларын  ескерген абзал.

Марина САХАРОВА

Павлодар жаңалықтары, Павлодардағы оқиғалар, Павлодар қаласының соңғы жаңалықтары, оқу жаттығу,