Негізгі Жаңалықтар Павлодар облысында Президент жолдауын іске асыру шаралары айқындалды

Павлодар облысында Президент жолдауын іске асыру шаралары айқындалды

Облыс әкімі Асайын Байханов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша жиналыс өткізді. Жиында инфрақұрылымды дамытуға, инвестиция тартуға, бизнесті қолдауға, цифрландыруға және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға баса назар аударылды.



Мемлекет басшысы өз жолдауында нақты стратегияларды айқындап берді. Негізгі міндет Еліміздің Егемендігін нығайту, мемлекеттік тұрақты дамуын қамтамасыз ету. Ол даму жолында азаматтарға арналған идеялар да айтылған.

Елімізде құрылыс қарқын алады. Бұл бағытта облыста 2026-2027 жылдары аяқтау жоспарланған 15 жобаны іске асыру жалғасуда. Олардың қатарында тұрғын үй қорын дамыту, әлеуметтік нысандар салу және спорт инфрақұрылымын жетілдіру жобалары бар. Көлік желісін жаңғырту аясында жалпы ұзындығы 472 км автокөлік жолдарын жөндеу бойынша 107 жоба жүзеге асырылуда. Сонымен қатар бес шекаралық өткізу пунктін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде, теміржол және авиация инфрақұрылымы дамытылуда. 

Аймақ басшысы жол сапасына қатысты талабына баса ден қою керектігін айтты. Сонымен қатар шекарадағы өткелдердің сапасы қатаң бақылауда болу керектігіне тоқталды.

Сонжай-ақ, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларында инженерлік желілерді жаңғырту мен цифрлық шешімдерді енгізу жұмыстары басым бағытта. 

2025 жылы облыс халқын таза ауызсумен қамту көрсеткіші 100%-ға жетті. Сумен жабдықтау жүйесін одан әрі жақсарту үшін ұзындығы 111 км су құбыры желілерін салу және қайта жаңғырту бойынша 19 жоба әзірленді. Екібастұз қаласында жыл соңына дейін бес шағын аудандағы жылу желілерінің «цифрлық егізін» жасау жоспарланып отыр.





Бөлісу