Негізгі Жаңалықтар Коммуналдық арнайы техниканың қысқа дайындығы пысықталды

Коммуналдық арнайы техниканың қысқа дайындығы пысықталды

Облыс басшысы коммуналдық техникалардың қысқа дайындығын тексерді. Осы қыста 300 ден астам техника қала көшелеріне шығып, қар тазалау жинау жұмыстарын атқарады. 


Қыста қар мен боранда шаһар көшелеріне екі мекеменің техникасы мен жұмыскерлері шығып, тазалау жұмыстарын жүргізеді. Биыл жиналатын аумақ тағы 50 шақырымға көбейіпті. 

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі

Қанша біз жалпы торуартоар қостық. 50 шақырым қостық. Усолка, Екінші Павлодарда жүретін жолдар болмады, енді қосылды. Бірден кіріседі гой.

Коммуналдық мекемелердің автопаркі жылда 15-20 техникамен жаңарып отырады. Биыл алғашқы қар түскенше тағы бірнеше көлік келеді екен.

Қанат Жаныспаев, «Горкомхоз» мекемесінің учаскі бастығы

Мына алдағы 2026-2027 жылғы қысқы маусымға техникамыз 100 пайыз дайын. Алып жатырмыз. 25 тонналық шахмандар келеді. Қытайдың техникалары қалада өздерін жақсы көрсетті өздерін. 300 ден астам техника жұмылдырылған. 650 дей жұмысшы еңбек етеді. Орташа жалақы 350 мың теңгені құрайды. Ал техникада істейтіндердікі олардыкі жоғарырақ. Соның бәрі есептеледі.

Сонымен, облыс орталығында коммуналдық техника қысқа сақадай сай дайын. Екібастұз, Ақсу қалалары мен аудандарда да бұл жұмыстар жоспарға сәйкес жүргізілген. 


Самал Қалиқызы



Бөлісу