Көрмеде суретшілердің  туған  жердің әсем  табиғаттарын бейнелейтін тың туындылары  көпшілік қауымға жол тартты.   Майлы бояу және акварельмен салынған  бұл өнер  туындылары ұстаз-суретшілердің көп жылғы еңбектерінің жемісі.  Ал көрмені  облыстық білім беру мұражайының қызметкерлері  ұйымдастырып отыр.  Шараның мақсаты  ұстаздардың  шығармашылығын    көпшілікпен таныстырып,   оларға қолдау көсету болып табылады.

ЕРСІН ТАҚЫРБАСОВ, суретші,  облыстық білім беру мұражайының қызметкері

Көрмеде  екі бірдей суретшінің  қылқаламынан туған 30-дан астам сурет  жауһарлары  таныстырылды.  30 жылдай сурет өнерінен  ұстаздық қызмет атқарып келе жатқан   Назгүл Ыбыраеваның бұл екінші  көрмесі. Бұл жолғы қылқалам шеберлерінің   шығармашылық кешінде аталған автордың  17 картинасы қойылып отыр.  Суреттерде  еліміздің  табиғат пейзаждары бейнеленген.

НАЗГҮЛ ЫБЫРАЕВА, суретші-ұстаз

Майлы бояумен сурет салуды  серік еткен Алтын Қисамиденованы   ұстаздардың  жазғы уақытта табиғат аясындағы  өткізген  жұмыстары  шабыт берген.  Еліміздің   оңтүстік астанасы атанған  Алматынның  әсем таулары суретшінің  туындыларына  арқау болған.

АЛТЫН ҚИСАМИДЕНОВА, суретші-ұстаз

Көрме  барысында  өңірімізге белгілі суретшілер  қос авторға  ізгі тілектерін білдірді.  Ал «Өрлеу»  педогогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру   институт  басшылығы  оларға  сурет өнеріне қосқан елеулі  үлестері мен  қажырлы еңбектеріне ризашылығын білдіріп,  алғыс хаттар  табыстады.