Железин ауданында 29 білім ордасы бар. Оның ішінде 13 орта, 16 негізгі мектеп бар. Соңғы үш жылда 7 білім беру нысаны жөндеуден өтті. Биыл Ақтау ауылындағы мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жүргізіліп жатыр. Толығырақ алдағы материалдан көрейік.
Березов мектебі — Железин ауданы, Ақтау ауылында осыдан жыл бұрын салынған. Мектепте бұған дейін мұндай ауқымды жөндеу болмаған. Бұл мектепте 40 оқушы білім алуда, ал шағын орталыққа 13 бала барады. Қазір бұл — аралас мектеп. Оқушы саны әзірге көп емес, бірақ білм ордасы толық жұмыс істеп тұр, түрлі тілде білім беріледі.
Нұрлан Қапаров, Железин ауданы білім беру бөлімінің сектор меңгерушісі
Келісімшарт жалпы 359 миллион теңгені құрайды. Жөндеу жұмыстарына шатырды ауыстыру, есіктерді алмастыру, қасбетті жөндеу, жылыту жүйелерін ретке келтіру, қабырғаларды сылау, едендердің бір бөлігін ауыстыру, электр сымдарын толықтай жаңарту кіреді. Жұмыс көлемі өте үлкен. 1 қыркүйекте балалардың жаңартылған мектепке баратынына сенімдіміз. Біз «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жөндеу жүргізіліп жатқанына қуаныштымыз. Қазір жалпы аудан бойынша осы және №2 мектептің кабинеттері дайындалып, жаңартылу үстінде.Жаңа жабдықтар әкелінеді, кабинеттер жаңартылады. Білім ошағында 400 бала оқиды.
Күрделі жөндеу жұмыстары мамыр айында басталды. Мердігер компания мектеп ғимаратының күрделі жөндеуінен бөлек, аумақты абаттандыру жұмыстарын да жүргізбек, атап айтқанда, тротуарларға тас төселеді.
Қазбек Магмур, «Логотек kz» ЖШС өкілі
Қазір міне жұмыстың барлығы аяқталу сатысында. 90 пайыздан аса жұмыс орындалды. Ішінде қандай жұмыс бар, соның барлығын орындадық. Есіктер мен стенкалардың барлығын жөндеп шықтық, және электр, пожарка, кафель, санузел мен барлық кабинеттерге линолеум барлығы күрделі жөндеуден өтті барлық жұмыстар.
4 жыл бұрын Фируза Алтынбекова Ақтау ауылына көшіп келген. Үлкен қызы 9-сыныпты аяқтап, колледжге түскен. Тағы төрт баласы жергілікті мектепке барады. Тұрғындардың айтуынша, еңбек күші артық өңірлерден қоныс аудару бағдарламасы арқылы ауыл халқы көбейіп, мектепке келетін оқушылар саны да артады деп үміттенеді.
Фируза Алтынбекова, ауыл тұрғыны
Әрбір бала жаңа мектепте барлық жағдайы жасалған мектепте оқығаны әр баланың арманы деп ойлаймын. Жаңа мектепте оқу білімге әсер етеді. Ескі мектепте оқыса, балада түңеріп тұрады деп ойлаймын өзім. Жаңа оқу жылында жаңа мектепке барлық бала қуанышты ғой, өзімізде қуанып жатырмыз. Неше жыл күттік осы ремонтты, өте талапқа сай.
Ақтау ауылындағы мектептің жөнделуін тұрғындар көп күтті, енді міне тиісті жұмыстар аяқталуға жақын. Осылайша балалар жаңа оқу жылын талапқа сай жөнделген білім ордасында бастайды.
Қымбат Садық