Железин ауданындағы Кузьмино ауылы елімізге танылып үлгерді. Өйткені бұнда өмірлік қиын жағдайға тап болған әйелдерге арналған «Ты не онда» жобасы бір жылдан бері жұмыс істеуде. Әлеуметтік жобаның бастамашысы кәсіпкер Айжан Каркенова. Осы жобаның арқасында ауыл тіршілігіне қайта қан жүгіріп, орта мектеп жабылудан аман қалған.
Кузьмино ауылында мынадай шағын футбол алаңы салынады деп бір жыл бұрын ешкім ойлаған жоқ еді. Бұндай нысандар түгілі ауыл жоғалып кетудің аз-ақ алдында тұрды. Қазір міне жоба авторының және жоба аясында осында көшіп келген аналардың балалары доп теуіп ойнап жүр.
Айжан Каркенова, кәсіпкер, «Ты не одна» жобасының авторы
Бұл футбол алаңы биыл салынды. Железин аудандық әкімдігінің қолдауының арқасында міне пайдалануға берілді. Ауылда 28 бала бар. Оның 17-сі мектеп жасында. Осы балалар әр күн сайын осы жерде футбол ойнайды.
Бұл жоба басталмай тұрғанда мына мектепте бір ғана оқушы қалған. Қазір 17 бала оқып жатыр. Осылайша білім ордасы сақталып қалды. Бұның өзі ауыл болашағына деген үмітті қайта жақты. Тіпті, Айжанның бұл жобасы осы мектепке деген жанашырлықтан басталған деп айтуға болады.
Айжан Каркенова, кәсіпкер, «Ты не одна» жобасының авторы
Бізге 5 ана келді. Яғни, 5 отбасы. 5 отбасында 16 бала. Олар Қазақстанның әр қаласынан. Көкшетау, Қостанай қаласынан. Павлодар облысының Тереңкөл ауданынан.
Айжан Каркенова кәсіпкер. Жолдасы екеуі ауыл шарушылығы бойынша еңбек етуде. Қазір қаз өсіруді қолға алған. Осылайша жергілікті нарықты құс етімен қамтамыз етуді көздеп отыр.
Айжан Каркенова, кәсіпкер, «Ты не одна» жобасының авторы
Жобаны ашқан кезде осында келген әйелдерге жұмыс керек екендігін түсіндік. Осылайша Кузьминолық құс етінің брендін құрдық. Бір жылдың ішінде танымалдылыққа ие болдық. «Бір ауыл-бір өнім» жобасының жеңімпазы атандық. Бұл жетістік кәсібіміздің дамуына қажетті гранта иелік етуге сеп болды.
Ирина үш баланың анасы. Ауылға қаңтар айында келген. Елдімекендегі үйлердің біріне орналастырылып, қазір Кузьминоның тұрғыны ретінде өмір сүріп жатыр.
Ирина, жобаға қатысушы
Жығылған жанға демеу болып, қол ұшын созатын осындай жоба бар екендігіне қуаныштымын. Ауылға үйреніп қалдық. Қазір жұмыс істеп жатқан жоқпын. Келесі жылы жұмысқа шығам деп жоспарлап отырмын. Ауыл өте ңығайлы. Өзімізді толық қауіпсіз сенеміз. Келгендердің ешқайсысы кеткісі келмейді...Не хочеть.
Ауылда ескі үй көп. Келушілерге осы үйлерді жөндеп, орналастыруда. Бұның бәрі үлкен жұмыс. Үлкен күш. Қаржы мен тынымсыз еңбек.
Айжан Каркенова, кәсіпкер, «Ты не одна» жобасының авторы
Әрбір үйді жөндейміз. Бұл жұмысты тек өзім ғана істей алмайтыным түсінікті. Бүкіл ауыл ат салысады. Ауылда қолынан іс келетін ададмардың болғаны қуантады. Үйді жөндеуге олар көмектесуде. Бірі қабырғаны сылайды, бірі пеш орнатады. Керек жиһаздарды тауып береміз. Осылайша, мейлінше жағдай жасаудамыз.
Айжан Каркенова «Қазақстанның лайықты азаматы» байқауына қатысуда. Үздік ондықтың қатарына өткен. Жеңімпаз көпшіліктің дауыс беруі арқылы анықталады. Тағдыры қиын әйелдерге қамқор болып жүрген жанға дауыс беруге ат салысуға шақырамыз. Ол үшін арнайы сайтқа өтіп, қажетті командаларды орындау қажет.
Жанасыл Серікбол