Павлодарда көлік жүргізушісі есірткіге мас күйінде ұсталды. Іс қазір сотта қаралуда.

Кезекті патрулдік қызмет кезінде Жібек Жолы - Нұрмағамбетов көшелерінің қиылысында полиция қызметкерлері DAF маркалы автомашинаны тоқтатады. Құжаттарды тексеру кезінде жүргізушіден орынсыз мінез-құлық байқалады. Күдіктенген полиция қызметкерлері жүргізушіні дереу медициналық мекемеге жеткізеді. Меициналық тексеріс кезінде жүргізушінің есірткі шеккендігі анықталды. Көлік құралын мас күйінде жүргізгені үшін жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Автомашина мамандандырылған тұраққа қойылды. Ал материалдар қарау үшін сотқа берілді.

Жанасыл Серікбол