Еліміздің тыныштығын күзетіп, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырған Ұлттық ұлан сапындағы 6679 әскери бөліміне биыл — 58 жыл.1967 жылдан бері тарихы мен тәжірибесімен қалыптасқан бұл бөлім нағыз тәртіп пен жауапкершілік мектебі.

Айтулы күнге арналған шара мемлекеттік ту мен әнұранмен ашылды. Мерекелік жиын барысында жеке құрам марапаттарға ие болды. Олар Шығыс өңірлік қолбасшылығы, бөлім басшылығы, қала әкімдігі мен «Аманат» партиясы атынан алғыс хаттармен марапатталды.

Назбек Маликов,6679 әскери бөлімінің командирінің тәрбие және әлеуметтік құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары

Біздің әскери құрам ұлттық ұланға жүктелген міндеттердің ең күрделісін атқарады.Қылмыстық, сотталған, қылмыс жасағандарды күзетіп отыр. Әрбір міндет қарумен атқарылады.Әскери бөлім 1967 жылы 29 шілде де құрылған. Өзіндік тарихы бар. Ботолионнан бастап әскери полкқа дейін айналған.

Салтанатты шараға 6679 әскери бөлімі мен 5512 әскери бөлімінің ардагерлері, аналар кеңесінің мүшелері, шекара қызметі мен қорғаныс саласының өкілдері қатысты. Қазіргі таңда бөлім құрамында 300-ге жуық мерзімді әскери қызметші, 300-ге жуық келісімшарт негізінде қызмет етуші және 70-тен астам офицер бар.

Сабыр Мусин, ардагерлер кеңесінің төрағасы

Енді мен ардагерлердің атынан офицердерді,сержаннатрды,сарбаздарды осы мерекемен құттықтаймын. Елімізге тыныштық тілеймін.

Мерекелік күн концерттік бағдарламамен жалғасты.

Дильназ Қуанышбекқызы