Ертіс өзені арқылы өтетін жаңа көпірдің құрылыс жүріп жатыр. Биыл жыл соңына қарай жобаның жартысы аяқталады деп жоспарланған. Ал көліктерге арналған қозғалыс 2026 жылы басталады. Маңызды көлік магистралі жайлы толығырақ Әйгерім Тоқпанқызының материалында.
Құрылыс алаңына қалалық мәслихат депутаттары барды. Халық қалауларына жобаның негізгі техникалық параметрлері таныстырылды. Құрылыс барысы және пайдаланатын инженерлік материалдар туралы ақпарат берілді. Негізгі құралдар Еуропа, Ресей, Қытай елінен жеткізіледі екен.
Нұрмұхамет Бесембаев, жоба жетекшісі
Қазір біз бетондау жұмыстарын бастадық. Өзен арнасының ортасына салынған аралық тіректерге бастапқы секцияларды тұрғызып жатырмыз. Сондай-ақ, бүкіл аралықты ауада ұстап тұру үшін уақытша технологиялық тіректер орнаттық.
Жаңа көпір – елімізде бұрын-соңды болмаған ірі жоба. Онда вантты және арқалық жүйелердің элементтері біріктірілген. Бұл елде алғаш рет қолданылып отырған экстрадозды технология.
Ермұрат Нұрханов, «Қазавтожол» ПОФ директоры
Қазіргі таңда көпір фундамент құй 100 пайыз аяқталды. Көпірдің опоралары 90 пайызға істелінді. Алдағы маусымда 100 пайызға аяқталады. Пролеттарын жасап жатыр. Нсынада тәулік бойы 250 ден аса кісі жұмыс істейді. 50 ден аса техника қолданып жатырмыз. Осы жылдың аяғына дейін көпірдің 50 пайызын аяқтауды жоспарлап отырмыз.
Депутаттар құрылыс барысымен танысып, жобаның аймақ үшін маңызын ерекше атап өтті. Жаңа өткел апатты деп танылған көпірдің орнына салынуда. Сондай-ақ көлік нөпірі де көп. Жаңа жол түйіні алдағы уақытта қозғалысты жеңілдетіп, өңірдің көлік инфрақұрылымын жақсартуға үлес қосады. 2027 жылы ескі көпір бұзылады.
Қобыланбек Қожин, Павлодар қалалық мәслихат төрағасы
Қаламызда салынып жатқан жаңа көпірге келдік. Бұл көпір заманауи әсем көпір болады. Тек қана қаламызға маңызды көпір ғана емес еліміздің шығыс өңірлерін екі облысты сонымен қатар Ресей федерациясының Алтай Новосібір өңірлерді қосатын көпір болады. Көпірдің құрылысы былтыр басталса ендігі жылдың аяғына дейін яғни 2026 жылдың аяғына дейін аяқталады деген жоспар бар. Бұл көпірдің ерекшелігін айта кетсек бізге қызықты болғаны қандай материалдар қолданып жатыр. Сұрақтар қойлық, жауаптар алдық.
Жаңа көпірдің ұзындығы 690 метр болмақ. Негізгі аралықтың ұзындығы — 150 метр. Су беті мен құрылымның ең төменгі нүктесінің арасы 15 метр. Бұл көрсеткіш екінші санаттағы ішкі су жолдарының талаптарына сай келеді. Яғни, Ертіс өзенінде халықаралық деңгейде кеме қатынасын дамытуға мүмкіндік береді.Айта кетейік, жаңа көпірдің құрылысына 71 млрд теңге бөлінді.
Әйгерім Тоқпанқызы