Бес жыл бұрын Мемлекет басшысы саяси реформалар аясында ауыл әкімдерін тікелей сайлау тетігін енгізуді ұсынған еді. Бүгінде ауыл әкімдерінің орташа жасы — 44-ті құрайды.
Былтыр барлық өңірлерде 45 аудан әкімін таңдау бойынша пилоттық сайлау өтті. Ал биылдан бастап аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерінің өкілеттігі аяқталған сайын оларды тікелей халық сайлайды.Осылайша, Қазақстанда саяси реформалар жүйелі түрде жалғасып жатыр. Мемлекеттік басқару жүйесінде елеулі өзгерістер орын алуда.