Ал, Аққулы ауданында Аққулы-Майқарағай елдімекендері аралығындағы жол биыл орташа жөндеуден өтті. Бірақ сапасы сын көтермеді. Толығырақ тілші сюжетінде.

«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» Павлодар филиалы мамандарының «Аққу – Қазы – Майқарағай» аудандық маңызы бар автожолының орташа жөндеу учаскесіне инспекциялық тексеруге барып, онда талап етілетін нормалардың бұзушылықтарын анықтады. Мердігер ұйым жол төседі. Алайда сапасы талаптарға сай болмай, ойықтар пайда болған.

Қуат Нұрмағамбетов, Павлодар облысы бойынша жол активтерінің ұлттық сапа орталығының бөлім басшысы

Аққулы-Майқарағай учаскесінде тұрмыз. 31-34 шақырымдағы аумақ. Бұл жерде мердігер жаңа материал қосындысымен негіз құю керек еді. Ол бакситті шлам, цемент, қиыршық тастан тұрады. Ол жұмыстар жасалды. Оған 48 сағаттан кейін асфальтты бетонды қосындыны құйып, төсеу керек еді. Алайда бұл жұмыстар жасалмады. Сәйкесінше учаскіде ойық ретіндегі дефекттер анықталып отыр.

Осылайша орталықтың инженерлері қауіпті ақауларды анықтады. Негіздің стратификациясы, инертті материалдардың жол жиектеріне төгілуі, сондай-ақ қабаттың монолиттілігінің жалпы бұзылуы тіркелді. Тапсырыс беруші мен мердігердің атына қысқа мерзімде зақымдануды жою, асфальтбетон төсеу және болашақта осындай жағдайларға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдауды талап ететін ресми хат жолданды.

Қуат Нұрмағамбетов, Павлодар облысы бойынша жол активтерінің ұлттық сапа орталығының бөлім басшысы

Негізі қазір аумақты жөндеу бойынша әдістемелік тапсырмалар жоқ. Мердігер енді негізін қайта төсеп, үстіне асфальтты бетон құю керек. Яғни аталмыш жұмыстарды қайтадан істеу керек.

Айта кетейік, Жол активтері сапасының ұлттық орталығы Аққулыдағы аталмыш учаскіге 4 рет барған, нәтижесінде 8 ақау анықталыпты.

Самал Қалиқызы