Экстракорпоральды ұрықтандыру – көптеген әйелдер үшін ана болудың жалғыз мүмкіндігі. Алайда бұл әдіске жүгінген әрбір науқастың артында үміт пен ауыр сынақтарға толы күрделі тағдыр бар. Біздің кейіпкерімізде 20 жыл бойы бала сүюді армандаған. Толығырақ алдағы сюжеттен көрейік.

Елена Пономарь-Свириденко – бүгінде қос бірдей ұлдың анасы. Бірақ бұл бақытты сәтке жету үшін ол ұзақ әрі күрделі жолдан өтті. 20 жыл бедеулікпен күресіп, бірнеше мәрте сәтсіз ЭКО жасап көрген.

Елена Пономарь-Свириденко, Павлодар қаласының тұрғыны

Бір күні дәрігерге келгенде маған маман тегін квота бар екенін айтты. Кезекке тұрып, тиісті барлық анализдерді тапсыру керек деп айтты. Жолдасым қолдап, бәрі сәтті өтті. анализдерді тапсырып, бәрін жылдам жасап шықтым.

2022 жылы Елена 41 жасында №5 емханаға жүгініп, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында ЭКО бағдарламасына қатысуға мүмкіндік алды.

Ольга Поликарпова, №5 емхананың акушер-гинеколог дәрігері

Пациент өз қаражатына 6 рет ЭКО жасатқан. Кейін “Геном” клиникасын өзі таңдады. Ондағы мамандар оның жағдайына назар аударып, МӘМС арқылы тегін ЭКО жасауға кандидат ретінде бекітті. Бірінші әрекеттен-ақ сәтті нәтиже тіркеліп, егіз жүктілік анықталды.

Бүгінде Еленаның ұлдары Артур мен Артём балабақшаға барады. Анасы сол сәттерді ерекше тебіреніспен еске алады. Жүктілік оңай болған жоқ. Еленаның қан қысымы, қант диабеті, варикоз, бронхит асқынып кетті. Жасына және тәуекелдерге байланысты кесар тілігі жасалып, шекесі торсықтай екі ұл нәресте дүниеге келді.

Ольга Поликарпова, №5 емхананың акушер-гинеколог дәрігерІ

Әрине, бұл пациенттің жағдайы өте күрделі болды, бірақ қазір, Құдайға шүкір, жұп бақытты, екі баласы бар.

Елена өзіне тегін ЭКО жасауға мүмкіндік берген жүйеге және дәрігерлерге алғысын білдіруден жалықпайды. Айта кетейік, мұндай көмек барлық азаматтарға қолжетімді. Мысалы, бүгін №5 емханада бала емізуді қолдау апталығы аясында акушер-гинекологтар жүкті әйелдерге арналған ақпараттық дәріс өткізіп, оларға арнайы сыйлықтар тарту етті.

Дильназ Қуанышбекқызы