Павлодар қаласындағы 6679 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері – Әлихан Медеу әлеуметтік желі қолданушыларының назарын өзіне бірден аудартты. Оның ерекше, қоңыр даусы нағыз кәсіби дикторлармен пара-пар. Әлеуметтік желілерде кеңінен тараған бейнежазбалар оған күтпеген танымалдық алып келді.
Қарағанды қаласының тумасы Әлихан отбасындағы төрт баланың үлкені. Әскерге дейін ол теміржол колледжін «жылжымалы құрамның машинисінің көмекшісі» мамандығы бойынша үздік аяқтаған. Бала күнінен жыр сүйіп өскен жас сарбаз поэзияны жан-тәнімен жақсы көріп, Абай мен Мұқағали өлеңдерін оқыған.
Әлихан Медеу, 6679 әскери бөлімнің сарбазы
Иә әлеуметтік желіде дауысым таңылып кетті.Көбісі Әнуарбек Байжанбаевқа ұқсатып жатыр.Мен білген жоқпын басында олай танылатынымды.Одан кейін менің дауысымды ешқандай курстарға бармай осылай жақсарттым кітап оқып.
Қазір Әлихан 6679 әскери бөлімде борышын өтеп жатқанына сегіз ай болды. Осы уақыт ішінде ол бөлімдегі барлық ресми және салтанатты іс-шаралардың ажырамас дауысына айналды.
Әлихан Медеу,6679 әскери бөлімнің сарбазы
Менің жоспарым 90 градусқа өзгерді деп айта аламын.Маған ұнап жатыр танымал болған.Сол себептен ары қарай танымалдылыққа бет бұрамын.Әрі қарайда дауысымды кішкене елге көрсетіп жақсартып жаңалытарға түсіп қатысамын.
Алиханның айтуынша, поэзияға деген сүйіспеншілік оның сөз саптауын, дикциясын, мәнерлеп оқу қабілетін қалыптастыруда үлкен рөл атқарған. Әсіресе, Абай мен Мұқағали мұрасынан алған рухани азық оның ішкі әлемін байытып, дауыс өнеріне жол ашқан.
Сарбаздың жүрекпен оқыған әрбір жолы тыңдаушыны баурап, сөз құдіретіне бас игізбей қоймайды. Оның бейнежазбаларына қарап, бір кездері қарапайым ғана теміржолшы болуға дайындалып жүрген жас жігіттің енді үлкен сахна әлеміне қадам басуға бет алғанын аңғаруға болады.
Дильназ Қуанышбекқызы