Павлодар ауданы Жертұмсық ауылында футбол ойнап жүрген 5 жастағы баланың үстіне қақпа құлап кетті. Зардап шеккен жеткіншек облыстық ауруханаға жеткізілді.
Талғат Қасымбеков, Павлодар облыстық балалар ауруханасының нейрохирург дәрігері
Бізге 2019 жылы бала келіп түсті. Ата-анасының айтуы бойынша баланың үстіне футбол қақпасы құлап кеткен. Баланың түскен кезіндегі жағдайы орташа деңгейдегі ауырлықта, жалпы бас ми жарақаты, соғылуы, төменгі жағының соғылуы диагнозымен түсті. Барлық емдік диагностикалық шаралар жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда баланың жағдайы орташа дәрежелі ауырлықта барлық емдік толық көлемде алып жатыр.
Әйгерім Тоқпанқызы