Қазақстанда құқық қорғау жүйесіне заманауи технологиялар белсенді енгізілуде. Цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект енді тек есеп жүргізумен шектелмей, қылмысты болжау мен алдын алу құралдарына айналып келеді. Мұндай жаңашыл тәсілдер Астана мен Қосшы қалаларында сынақтан өтіп, оң нәтиже көрсетуде.
Қазақстанда құқықтық ақпаратқа қолжетімділікті арттыру мақсатында іске қосылған Қамқор.кз интернет-порталы бүгінде еліміздегі ең ірі цифрлық құқықтық алаңдардың біріне айналды. Портал арқылы азаматтар құқықтық мәселелер бойынша нақты ақпарат алып, өтініштерін онлайн жолдай алады.
Серік Ахметов, ҚР бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті павлодар облысы бойынша департаментінің қылмыс саласындағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімінің бастығы.
Біздің қамқор.кз интернет-порталдың жұмысы бірнеше рет жарияланды.өздеріңіз білетіндей портал барлығына қолжетімді,оны пайдалану үшін интернет,компьютер немесе мобильді құрылғы,планшет немесе телефон жеткілікті.Порталда азаматтарға арналған көптеген түрлі қызметтер қарастырылған.
Комитеттің басты мақсаты – құқықтық статистикамен шектелмей, нақты қауіп-қатерлерді ерте анықтап, алдын алу мүмкіндіктерін кеңейту. Осы мақсатта жасанды интеллект жүйелері әзірленіп, енгізіле бастады.
Даурен Арынов, ҚР бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті Павлодар облысы бойынша департаментінің аға прокуроры
Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқасында Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің әлеуетін толық іске асыруды тапсырды. Біздің комитетіміз тек есептердің мұрағаты ғана емес, ол қоғамдық қауіпсіздік тәуекелдерін ерте анықтауға және алдын алуға арналған сараптама орталғына айналуы керек. алдағы уақытта комитетте жасанды интеллект іске қосылатыны жайлы айтқым келеді.Мемлекет басшысы жұмыс тәсілін қайта құруды нақты тапсырды,яғни құқық бұзушылықтарды ғана тіркемей, оларды болжау, алдын алу қабілетін дамыту керек.Бұл тапсырманы біз стратегиялық міндет ретінде қабылдаймыз, оған Бас прокурор да нақты міндеттер қойды.
Жасанды интеллект жүйесі қылмыстық істерді тергеу барысында да қолданылады. Мысалы, ауызша жауаптарды автоматты түрде мәтінге айналдырып, қайшылықтар туындаған жағдайда тергеушіге нақты кеңестер береді. Бұл жүйе уақытты үнемдеуге және қайталанатын жұмыстарды жеңілдетуге көмектеседі. Сондай-ақ, Павлодар қаласында «қылмыстық құқықбұзушылықтар картасы» атты геоақпараттық жүйе іске қосылған. Ол қылмыс тіркелген сәттен бастап бір минут ішінде ақпаратты базаға енгізіп, онлайн картада көрсетеді. Қала тұрғындары нақты мекенжай бойынша қылмыстық ахуалды көре алады.
Серік Ахметов, ҚР бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті Павлодар облысы бойынша департаментінің қылмыс саласындағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімінің бастығы
Күнделікті жұмысы жоқ немесе бір қызметпен айналыспайтын адамдар. Бұрын қылмыстық іс жасаған болса оның ішінде 70 пайыз адамның жұмысы жоқ.
Осы жылдың алғашқы алты айында Павлодар облысында 2691 құқық бұзушылық тіркелген. Айта кетейік, биыл елімізде рақымшылық аясында 500-ге жуық адам босатылмақ.Ал өңірде 150-ге жуық адам еркіндікке шығады. Қазіргі уақытта оларды жұмыспен қамту бағытында нақты шаралар жүргізілуде.
Серік Ахметов, ҚР бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті Павлодар облысы бойынша департаментінің қылмыс саласындағы құқықтық ақпаратты қалыптастыру бөлімінің бастығы
Біз енді құқық қорғау органдары олар шыққаннан кейін ұжымға қоғамға бейімделдіріп сол бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Біздің ең басты мақсатымыз қылмыс санын азайту.
Цифрландырудың басты артықшылығы мемлекеттік органдар арасындағы үйлесімділікті арттырып, артық бюрократияны азайту. Жасанды интеллект пен геоақпараттық жүйелер құқық қорғау саласында тиімділікті еселеп, қылмыстың алдын алуға жаңа мүмкіндіктер ашуда.
Дильназ Қуанышбекқызы