Қазақстанның Бірінші лига командалары арасындағы футбол чемпионатының аяқталуына 11 тур қалды. Павлодарлық «Ертіс» үшін бұл 11 тур Премьер-лигаға жолдама үшін 11 финал іспеттес.Ертіс командасын алда не күтіп тұр? Біздің түсірілім тобы команда жаттығуында болып қайтты.

Маусым басында Павлодарлық футболшыларға Премьер-лигаға оралу міндеті қойылған болатын. Қазір 16-тур қарсаңында «Ертіс» турнир кестесінде екінші орында. Көш бастап тұрған «Каспийден» 5 ұпайға қалып келеді, ал басты бәсекелестері — «Шахтер» мен «Алтайдан» бір ұпай алда. Қалған 11 ойында қателікке жол берілмеуі тиіс.

Ринат Әлуетов, «Ертіс» ФК бас бапкері

Қазір өздеріңіз көріп тұрғандай, жоғары лигадан келген футболшылар бізге көмекке келді – тарихы терең қалаға көмектесу үшін. Жанкүйерлер Премьер-лигада ойнағанымызды қалайды, біз оларды жерге қаратпауымыз керек. Алдымызда тұрған тапсырманы орындау үшін бізге 11 финалдан өту керек.

Еске салсақ, Алматылық «Қайрат-Жастар» командасымен болған соңғы ойында «Ертіс» қорғаушысы Владимир Воменко алаңға шыққан жоқ. Бапкердің айтуынша, оны алда тартысты ойын күтеде.

Ринат Әлуетов, «Ертіс» ФК бас бапкері

“Шахтердің” күшті және әлсіз тұстарын білеміз. Нәтиже үшін қалай ойнау керектігін де білеміз. Әрине, футболда сәтті кездер болады, болмай қалатын кездерле болады. Бұл – алты ұпайлық ойын, онда көп нәрсе шешіледі. Бұл — “финалдардың финалы”, біз үшін үлкен сынақ. “Каспийге” есе жібердік, “Алтаймен” болған ойында сүріндік — Робин Гуд болуды доғару керек. Өз мықты тұстарымызды көрсетуіміз қажет.

Алда турнирлік кестеде де, географиялық тұрғыда да жақын қарсылас Қарағандылық «Шахтермен» маңызды кездесу күтіп тұр. Бірінші айналымда қос команда бір-бірінің қақпасына гол соқпаған.

Еркебұлан Тұңғышбаев, «Ертіс» ФК шабуылшысы

Екі ойынға қатысып үлгердім, екі ойында да жеңіске жеттік.Команда өте жақсы қарсы алды.Жалпы балалардың бәрін танимын. Кіріп сінісіп кету өте оңай болды. Енді өздеріңіз білетіндей «Ертіс» командасы Қазақстанда ойып алатын өзінің орны бар.Және осыдан түскен ұсыныс, Осы клубтың алға қойған мақсаттары және жететін, алатын биік белестері ұнағаннан кейін осы «Ертіс» клубын таңдадым.

Сондай-ақ, алдағы матчта тәжірибелі шабуылшысы Еркебұлан Тұңғышбаев алаңға шығуы әбден мүмкін.

Еркебұлан Тұңғышбаев, «Ертіс» ФК шабуылшысы

Енді позиция жайлы айта кететін болсақ,поляда енді біз позиция таңдамаймыз.Тренер қойған жерде ойнай береміз.Жалпы енді наподающий болып ойнапта үйренгенмін.Оң жақтада сол жақтада және шабуылдаушы болыпта ойнайтынмын.Сондықтан маған үлкен қиындық тудырып жатқан жоқ. Енді құдай қаласа қолымыздан келген бәрін жасаймыз.Әрине бұл футбол болғандықтан барлық результатты күтуге болады.Бірақ біз тырысып Павлодарлық жан-күйерлерімізді қуантуға тырысамыз.

Айта кетейік, 1 тамыз, жұма күні «Ертіс» өз алаңында қарағандылық «Шахтерді» қабылдайды. Бұл матчта жанкүйерлердің қолдауы жеңіске жету жолында өте маңызды.

Дильназ Қуанышбекқызы