Павлодардан 361 азамат әскери міндеттілердің жиынына аттанды. Олар бір ай бойы Қарағанды облысындағы Спаск елдімекенінде жауынгерлік дайындықтарын нығайтатын болады.
Бұнда жиналғандардың барлығы бұрын мерзімді әскери борышын өтегендер. Қазір қоғамның әр түрлі саласында еңбек етеді. Араға бірнеше жыл салып жеткен ерікті әскери жиынға аттануда.
Бұл бес жылда бір рет өтетін жиын. Осылайша еліміздің қарулы күштерінің резерві қалыптасуда. Биыл ел бойынша 3 мың азаматты жауынгерлік дайындықтан өткізу көзделген. Аумақтық қорғаныс бригадаларының құрамында тағы 3 мың адам даярлықтан өтпек.
Жиынға қатысушылардың жұмыс орындары сақталады. Сонымен қатар, еңбекақы төленеді. Қызмет мерзімі барысында барлық жағдай жасалады.
Жанасыл Серікбол