Павлодарда адам ағзасын сату әрекеті әшкере болып, қылмыстың жолы кесілді. Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы шетелдік азаматшаның бүйрек сатпақ болғанын анықтап, оны қылмыс үстінде ұстады.
Жедел ақпаратқа сүйенсек, күдікті елімізге арнайы келіп, Павлодарда адам ағзасын сату бойынша алдын ала келісімге келген. Баға мен шарттар нақтылаңғаннан кейін, ол алдын ала төлемді алып жатқан сәтінде ұсталды.
Болат Нұрсеитов, Павлодар облысы пд бастығының бірінші орынбасары
Біз жедел комбинацияны әзірлеп жасадық. Ал «Сатушы» ҰҚКБ қызметкері ақша қаражатының бір бөлігін алған кезінде ұстады. Адам ағзалары мен тіндерін заңсыз алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Мұндай фактілердің алдын алу – тек құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Егер сіз заңсыз ағза саудасы, мәжбүрлі донорлық немесе күмәнді медициналық қызметтерге қатысты жағдайға куә болсаңыз, бұл туралы дереу 102 нөміріне хабарласуға немесе «Police 102» мобильді қосымшасын қолдануға болады.
Қымбат Садық