Павлодар қаласындағы 6679 әскери бөлімінде жас жауынгерлерге қару-жарақ табыстау дәстүрлі рәсімі өтті. Бұл — сарбаздардың әскери өмірге алғашқы қадамдарының бірі. Салтанатты шара бөлімшенің сап алаңында ұйымдастырылды.

Әскери тәртіпке сай жасақталған бөлім жауынгерлері сап түзеп, өздеріне сеніп тапсырылған қару-жарақты қабылдап алды. Бұл — әрбір сарбаз үшін үлкен жауапкершілік пен абырой.

Ерслан Жагипаров, қару-жарақ қызметінің бастығы

Бүгін салтанатты түрде жас сарбаздар шақырылым 1/25 сарбаздарына қару жарақ тапсырылды. Жас сарбаздарға тілейтінім қару жарақтарын әрдайым ұқыпты ұстасын. Жаңа бекітілген қару жарақтармен Отан борышын абыроймен атқарсын деп тілектеспін.

Жас жауынгерлер үшін бұл — әскери өмірдегі маңызды кезеңдердің бірі. Қарумен алғаш танысу барысында олар қауіпсіздік ережелерін меңгеріп, алғашқы әскери машықтарын шыңдай бастады.

Нұрасыл Кеңесбек, сарбаз

Бүгін бізге салтанатты түрде қару табысталды.Осы қарумен еліміздің тыныштығын күзетуге дайынбыз!

Қаруланған сарбаздар енді әскери дайындықтың белсенді кезеңіне кіріседі. Командирлердің айтуынша, бұл шақырылымның жауынгерлері тәртіпке берік, жауапты әрі ел қорғаны болуға дайын.

Дильназ Қканышбекқызы