Өткен жылы аймығымызда төрт түлік бруцеллезі бойынша 20 қолайсыз бекет сауықтырылды. Оның ішінде, 19 сиырда және 1 ұсақ малда бруцелез анықталған. Баянауыл ауданының Жаңа тілек ауылында және Ақсу қаласының Достық, Төртқұдық елді-мекендерінде бекеттер жұмыс істейді. Қауіпті деп саналатын малдар 3 кезеңмен қатаң тексеруден өтті. Жалпы, жағдайды тұрақтарндыру үшін мамандар үнемі талдау жүргізіп, алдын алу жұмыстар жасап отырады.
Бақытжан Әбдірахманов, қр ашм ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті аумақтық инспекцияның бөлім басшысы
Біздің аймағымызда аса қауіпті ауруларға жататын инфекциялар тек қана көбінесе табиғи ошақты аурулар пайда болады. Ол жаңағы бруцеллес, құтырма аурулары және басқа да аса қауіпті аурулар түрде орын табылады.
Аймағымызда соңғы үш жылда малдың құтырма ауруына шалдығуына қатысты бес жағдай тіркелді. Бұл, Шарбақты, Ақтоғай және Успен аудандарында болды. Сондай-ақ, нодулярлы дерматит індеті мал дәрігерлердің жіті назарында. Бұл індетке қарсы 391 600 малға екпе жасалды.
Бақытжан Әбдірахманов, қр ашм ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті аумақтық инспекцияның бөлім басшысы
Қазір айтатын болсақ 553 мың бас қара мал зерттеуден өтеді. Ұсақ қара малды 796 мың 500 ден аса жыл бойынан зерртеуден өтеді. Экспорт және импорт жайында айтатын болсақ, бұны біз нақты түрде қадағалаймыз, бақылаймыз. Бұл біздің инспекцияның міндеті.
Былтыр «Сыбаға» бағдарламасы бойынша аймағымызға Ресей және Германия елдерінен 2572 бас ірі қара мал әкелінді. Бектілген ережеге сәйкес импорт арқылы келген мал 30 бойы карантинде болып, қатаң тексеруден өтті.
Әйгерім ТОҚПАНҚЫЗЫ