Білікті дәрігерлер Отан соғысы ардагерлерінің үйіне барып, Жеңіс күнімен арнайы құттықтады. Жыл сайынғ дәстүр бойынша сый-сияпат тарту етіліп, оларға құрмет көрсетілді. Толығырақ тілші тарқатады.
Алдымен дәрігерлер мен жасөспірімдер 102 жасқа толатын Мария Курбатованың үйіне барды. Ардагер Батыс Украина және Шығыс Еуропа елдерінде шайқастарға қатысқан. Отан соғысы, Жуков ордендерімен және бірнеше медальмен марапатталған. Мұнан кейін Николай Ступканы құттықтады. Ол майданда көрсеткен ерлігі үшін көптеген марапаттарға ие болды. Соғыстан кейін бейбіт өмірде де қоғамға қызмет етіп, жастарға патриоттық тәрбие беруге үлес қосты. Өзің құттықтап келеген жандарға жылы лебізін білдіріп, алғысын жеткізді.
Ардагерлер – елінің азаттығы үшін жанын қиған, бейбіт өмір сыйлаған жандар. Сол себепті дәрігерлер мен медбикелер бұл күнді ерекше ықыласпен қарсы алады. Аурухана ұжымы ардагерлерге гүл шоқтарын табыстап, түрлі сый-сияпат тарту етті.
Тимур Сексембаев, «Danelclinic» ЖШС директоры
Бізге 1918 жылдан бергі ардегерлерді көру бақыты бұйырған. Мәселен, осы уақытқа дейін 135 Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, 327 тыл еңбеккеріне, 135 Отан соғысы ардагеріне медициналық көмек көрсеттік. Жыл сайын біз осылай ардагерлерді құттықтайтын дәстүріміз бар. Клиникамыздың атынан сыйлықтар тарту етеміз, мұндай құрмет көрсету бізге парыз. Шынайы тілегімізбен әрқашан мақтан тұтамыз.
Айта кету керек, Отан соғысына қатысқан ардагерлер медициналық мекемеге тіркелген және тұрақты түрде медициналық бақылаудан өтеді. Оларға арнайы емдік жоспарлар жасалып, үздіксіз назар аударылып отырады. Дәрігерлердің айтуынша, ардагерлердің өмірлік тәжірибесі мен қайсарлығы жас ұрпаққа үлгі. Мұндай кездесулер – ұрпақтар сабақтастығын нығайтуда зор маңызға ие.
Қымбат Садық