Биыл әйгілі опера жұлдызы Шахимардан Әбілов- 75 жаста. Осыған орай облыс орталығында бірқатар шаралер легі өтті. Біздің түсірілім топ «Шахимардан Абай шыңында» кітабының тұсаукесеріне куә болды.
Кітаптың тұсаукесеріне облыс әкімі Асайын Байханов қатысты. Әлемдік опера сахнасына қазақ дауысын әкелген өнер қайраткеріне дәстүр жолымен шапан жапты.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі
Бұл жинақ тек бір адамның өмір жолы ғана емес, тұтас бір дәуірдің мәдени тынысының айнасы. Шахимардан Қайдарұлы қайталанбас дауыс иесі ғана емес, ұлы Абайдың насихаттаушысы ретінде де жақсы танимыз. Бәйтеректің жапырағындай жайқалған барша жұртқа жақсылығыңыз әрқашанда байқалады.
Әншінің өнердегі әріптестері «Шахимардан Абай шыңында» кітабының тұсауын кесті. Кітапта Шахимардан Қайдарұлының шығармашылығынан бөлек, әнші жайлы жазылған мақалалар мен зерттеулер де топтастырылған. Шарада бас қосқан зиялы қауым өкілдері Шахимардан Қайдарұлының жүріп өткен жолына кеңінен тоқталды.
Айтқали Жайымов, Е. Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясы қазақ оркестрінің көркемдік жетекшісі
Ол енді айтулы әнші. Өте тамаша әнші. Бір ерекше дауыс Алла тағала берген өзіне. Зерттеуші ғалым. Ұлағатты ұстаз. 01.03+СКЛЕЙКА 01.21 Шәкеңе енді зор денсаулық тілейміз. Ғұмыры ұзақ болсын! Өнері өрлей берсін! Шәкеңнің әлі бергенінен, берері көп.
Шахимардан Әбілев тек опера әншісі ғана емес, таным көкжегі кең, көркем ойлаудың шыңына шыққан бірегей өнерпаз. Абайша ойланып, Әуезовше толғана алған жан.
Шахимардан Әбілев, ҚР халық әртісі
Мұхтар Әуезов айтқан екен: «Сымбатты өнер болмаған елде мағыналы тіршілік жоқ. Қандай қауымды, қандай тапты алсақ та қаны мен жанының айнасын өнерге түсірмей тұра алмайды. Өнерден қуат алмаса тіршіліктің шамы сөнді» дейді. Көптен көп рахмет! Бұл үлкен еңбек. Ал, еңбек халықтың арқасында.
Көпшілік өнерпаз жайлы кітапты таласа алып, қолтаңбасын жаздырды. Өнер жайлы пікір сұрап, тағылымды ойына құлақ қойды.
Жанасыл Серікбол