Әйгілі қазақстандық спортшы, әлемдік гиннестің рекордтар кітабына бірнеше рет енген алып күш иесі Сергей Цырульников Аққулы ауданында болды. Онда оқушылармен кездесіп, спорт жолындағы қажырлы еңбекпен келген жетістіктері жайлы баяндады.
Аққулы жұртшылығы әйгілі спортшыны осылай салтанатты түрде қарсы алды. Ел атын әр түрлі сайыстарда биікке көтеріп жүрген бірегей күш иесіне құрмет көрсетті. «Жақсыдан шарапат» деп білген жұртшылық өз қонақжайлықтарын танытты. Қадірлі қонаққа ауданнның спорттық жетістіктері көрсетілді. Балаларға жасалып жатқан мүмкіндіктер де таныстырылды.
Сергей Цырульников, әлемнің төрт дүркін рекордшысы, 2-дәрежелі «Достық» орденінің иегері
Балалардың ігілігі үшін жұмыс жасау өте маңызды. Бұл бағытағы қызметтеріңіз үшін алғыс айтамын. Шақырғандарыңыз үшін рахмет! Аудандарыңыздан көптеген чемпиондар өсіп шығуына тілектеспін! Ол үшін барлық жағдай жасалғандығын көрдім. Баршасы дос, тату екендігін көрдім. Бәрі сіздердің жұмыстарыңыздың арқасы.
Спортшы «100 ауыл» жобасы аясында Аққулы ауылымен қатар, ауданның Бесқарағай, Жамбыл, Малыбай ауылдарының мектеп оқушыларымен де кездесті. «100 ауыл» жобасы биылғы жылдан жастап «1000 ауыл» атауымен кеңейіп, жоба одан әрі қарқынды жүргізілетінін атап көрсетті
Сергей Цырульников мектеп оқушылары мен көрермендерге тылсым күштің қыр-сырын көрсетіп, көпшілік арасынан түрлі қара күш майталмандарын анықтауға арналған ойындар, жаттығулар, сайыстар өткізілді.
Жанасыл Серікбол