9 мамыр – Жеңіс күні қарсаңында еліміздің түкпір-түкпірінде патриоттық рухты көтеруге бағытталған түрлі шаралар өтуде. Осындай ерекше бастамалардың бірі Ақсу қаласында полиция қызметкерлері хор орындап, «80» санын патрульдік көліктермен бейнеледі. Толығырақ тілші материалында.

Ақсу қаласы полиция қызметкерлері мұндай акциялар жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік пен тарихқа деген құрметті қалыптастыруға септігін тигізетінің атап өтті. Сонымен қатар, Жеңіс күнінің маңыздылығын ерекше түрде насихаттау – қоғамның бірлігін күшейтіп, рухани құндылықтарды дәріптеудің жолы дейді.

Алмас Байымбет, Ақсу қаласы полиция бөлімі бастығының орынбасары

Мақсатымыз осы Жеңіс күні ардагерлеріне ұйымдастырып осындай флешмобты, құттықтау жасап жатырмыз. Өзіміздің елімізде, басқа елде тыныштық болсын, әрқашан соғыс болмасын , еліміз аман, жұртымыз тыншы болсын.

Шараға қатысқан тәртіп сақшылары хор орындап, өз қызметтік көліктерін арнайы алаңға шебер орналастырып, жоғарыдан қарағанда анық көрінетін «80» санын жасады. Бұл композиция тарихи оқиғаны еске түсіріп, келешек ұрпаққа бейбітшілік пен батырлықтың маңызын жеткізу мақсатын көздеді.

Айта кетейік, бұған Ақсу қаласы полиция және төтенше жағдайлар бөлімінен 30 адам хорға қатысып, 14 көлік қойылды. Жеңіс рухы ешқашан өшпек емес. Осындай бастамалар оны болашаққа жеткізудің жарқын жолы болмақ.

Қымбат Садық