Екібастұз қаласының тұрғынына уытты гепатит, кейін бауыр абцесі диагнозы қойылды. Заманауи технологияның көмегі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры аясында ер адамға шағын инвазивті ота жасалды. Толығырақ келесі сюжетте.

Дене қызуының 40 градусқа жнтуі және әлсіздік. Екібастұз қаласының тұрғыны ауруханаға дәл осындай шағымдаомен жүгінді. Алғашқы диагнозы-уытты гепатит болды.Кейін компьютерлік тоиографида емделушіде бауыр абцесі, іріңді қабыну бары анықталды.Науқас шұғыл түрде Павлодар қаласының №1 ауруханасына жіберіліп, жоғары технологиялық ота жасалды.Құны 425 мың теңге. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында емделуші қалтасынан бірде бір теңге жұмсамады.

Нұрсұлтан Андасбеков, №1 қалалық аурухананың хирург-дәрігері

Біз хирургия бөліміне жатқызып, операцияға дайындық өткізіп, шағын инвазивті операция жүогіздік. Үлкен операция емес, тек кішкене тесіктер арқылы жасалады. Операция кезінде бауырдан 250 мл ірің шығарылды. Қазіргі таңда науқастың жағдайы жақсы.

Дәл осындай оталар бұрын ұзақ оңалтуды қажет ететін. Қазір жеңіл, бірнеше тілім арқылы жүргізіледі. Бірнеше сағаттан кейін сырқаттанған азамат аяққа тұрып кетеді.

Ерсайын Байсымақов, емделуші Екібастұз қаласы

Именно на день рождение... Өзімнің туған күнімде ауруханаға түсіп қалдым. Бәрі дене қызуының көтерілуінен басталды, әрқашан 38,40 градусқа дейін дене қызуым көтеріліп кететін. Қабылдау бөлімшесінде бірден қарап шықты. Осында операция жасады. Қазір жағдайым жақсы. Дәрігерлерге рақмет.

Ерсайын Байсымақов дәрігерлердің бақылауымен емін жалғастырып жатыр. Әлі 1 айдай оңалтудан өтеді.

Самал Қалиқызы