Инновациялық Еуразия университетінің бір топ студенті бастамашыл болған акция, Суворов зиратындағы ардагерлер аллеясын тазартып кем кетігін қалпына келтірумен басталды. Бұдан кейін Даң ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, шырақтар жағу жоспарда бар. Мұндай іс-шаралар жастардың отанға деген патриоттық және мақтаныш сезімін арттырады. Ең бастысы, жеңіс сыйлаған батырларға құрмет, дейді бастамашылар.
Наргиз Бабажанова, Инеу 1-курс студенті
1,2,3 курс студенттері біз 9-мамырға деген өз ата-бабаларымызды Ұлы отан соғысында қатысқаны үшін соларға құрмет көрсеткіміз келеді.
Студент жастардың тың бастамасы өскелең ұрпақтың бойында патриотизмді қалыптастырып, әскери ерлікке құрмет көрсетуге бейімдейді. Ескерткіштерді сақтау акциясына қатысқан әрбір жас өз жауапкершіліктерін терең түсінеді.
Есенбек САНАТҰЛЫ