Аппараттық кеңес отырысы өтті
Ақ қар, көк мұзда әбігер болмас үшін тұрғындар көмірді ертерек сатып алу керек, деді облыс әкімі. Өңірде бұл қысқы мерзімге 7 мың тонна қатты отын дайын. Ал, 14 қыркүйектен бастап облыстағы әлеуметтік нысандарға жылу беріле бастайды.
Қазгидромет филиалы басшысының сөзінше қыркүйек айында ауа температурасы нормадан аспайды, екен. Жауын шашын айдың 10-нан кейін, ал алғашқы үсіктер айдың соңында болады деп жоспарланып отыр. Соған орай биыл жылыту маусымы дәстүрлі түрде қыркүйектің ортасында басталады.
Ержан Иманзайыпов, Павлодар облысы энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы
Алдағы жылыту маусымының ойдағыдай өтуі үшін облысымыздың үш қаласында жылу желілер сынақтары өтті. Онда 794 ақау анықталды. Бұл ақаулар жедел түрде жлйылды. Қазіргі таңда облыстағы көпқабатты үйлер ыстық сумен қамтылған. Атқарылған жұмыстар өз нәтижесін беріп келеді, 2022 жылдан бүгінгі күнге дейін жылу маусымында техникалық бұзушылықтар саны 4 есеге төмендеген. 2897-ден 683-ге түсті. Бұл нәтижеге сынақтарды өткізу мен бюджеттік қаржы есебінен жөндеу жүргізу аясында жетіп отырмыз. Қазір ыстық суды өшіру 4 айдан 1 айға дейін қысқартылды.
Осы жылы өңіріміздің 58 қазандығынында жөндеу жұмыстары жүргізілді. 100 қазан жаңартылды. Қалған 418 қазандықта ағымдағы жөндеу жүргізілді. Келер жылу маусымына өңірде денсаулық және білім беру нысандары толық дайын болып шықты.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі
Күн жылыда ешкім жылу сұрамайды. бірақ күн суыған кезде юізге жылу беріңіз дейді. 12 күнде ешекім жылу бере алмайды. Жылыту маусымына кіргенде жоқ дегенде 80-90 мың текше метр су бар, ол айналым жасау керек. Оның өз уақыты, технологиясы бар. Жаңағы желілердің қайта құруы туралы. Ауқымды жұмыс жасадық. Павлодарда жасадық, дәл сондай тәжрибеге сүйеніп Екібастұз қаласында жүргізу керек.
Соңғы жылдары Железин ауданында жылыту маусымы кезінде түсетін шағымдар саны артқан. Сұрақты шешу мақсатында облыстық бюджеттен қаражат бөлінді. Бұл жылу маусымын тиісті деңгейде, сапалы өткізуге мүмкін беру керек деді облыс әкімі.
Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі
Барлық қалаларда жылы су болу керек. Көпқабатты үйлерде. Аудандар жылыту маусымына кірруге дайын болу керек. Сондықтан мына кәсіпорындар шарттарды бақылауда ұстаңыздар. Жылда болып жатқан көмір сататын орындардағы кезек болмауы үшін, қауіпсіздік мәселері бойынша, наразылық болмауы үшін. Алдын ала сол жұмысты жүргізу керек.
Аппарат кеңесінің екінші сұрағы – өңірде эпидемиологиялық маусымға дайындық барысы. Өңір тұрғындарының 10 пайыздан астамы тұмауға қарсы екпе алуы керек. Ол үшін 70 мың доза вакцина жеткізілді. Тағы 10 мың доза сатып алынбақ.
Ермек Кучуков, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы
Бүгінгі таңда 25 мың халыққа бір бригада есебіне 17 мобильді бригада жұмыс істейді. Эпидемия көтерілу кезінде 5 мың халыққа 1 бригада есебінен көбейтіледі. Жүктә әйел, балаларға бірінші кезекте қызмет көрсетіледі. 45 телефон желісі ұйымдастырылды. Үйде қызмет көрсетуге қосымша 37 автокөлік көзделген.
Өңірде тұмау фактілері тіркелмеген. Жалпы тұмау мен ЖРВИ-дің өршуі әдетте қазан айына келеді, деді мамандар. Осы ретте аймақ басшысы бұл бағытта жұмыстарды тиісті деңгейде өткізуге тапсырды.
Самал Қалиқызы