Негізгі Жаңалықтар Тазалық айлығы басталады

Тазалық айлығы басталады

Бұдан бөлек, аппараттық жиында «Таза Қазақстан» акциясы аясында 12 қыркүйек пен 12 қазан аралығында тазалық айлығы өтетіні айтылды. Оған 300 мың адам мен 1000 бірлік техника жұмылдырылмақ. 



Павлодар облысында 12 қыркүйектен бастап «Таза Қазақстан» акциясы аясында тазалық айлығы басталады. Бұл қар түспей қыстың алдында ауламыздан бастап, жан-жағымызды жинап, қалыпқа келтіруге мүмкіндік береді деді облыс әкімі. 

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі

26 қыркүйекте жалпыөңірлік сенбілік өткізіледі. барлық мемлекетік мекемелер, кәсіпорындар қатысуы керек. Бәрі жаппай сыртт ақлмай, қатысуы тиіс. Сондай тапсырма беремін. 

Ержан Иманзайыпов, Павлодар облысы энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы

Жалпы 40 мың ұйымнан 300 мың адам қатысады деп жоспарланып отыр. 1000 бірлі арнайы техника жұмылдырылады. Жыл басынан 250 мың адам тазалық шараларына қатысты. 70 мың тонна қоқыс шығарылды. 

Жалпыоблыстық сенбілік аясында аймақ басшысы Ақсу қаласында ағаш отырғызу шараларына қатысуды жоспарлап отыр. 



Самал Қалиқызы



Бөлісу