Естеріңізге сала кетейік,  үш жыл бұрын осы аумақта туризмді дамыту мақсатында көл жалға берілген болатын. Бірақ инвестор наурыз айында Маралдыны тастап кетті. Жай кетпей талқандап кеткен. Тіпті, өздерінен қалған күл-қоқысты көлге төгіп, шомылу былай тұрсын, жағалаумен адам жүре алмастай қылған. Жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта  және су ресурстарын пайдалану департаменті инвесторды сотқа берді.

Әзілхан Әбеуов, Шарбақты ауданының әкімі:

«Ертіс» адалдық алаңы жобамыз бар. Сонымен бірге тазалықты сақтау бойынша қадағалауды қолға алып, халыққа ыңғайлы, халыққа өте қолжетімді, заманауи қызметтер жасауға, сол бойынша қызметтердің бәрін атқарамыз.   

Маралдыға деген халық ықыласы ерекше. Бүгін Шарбақты ауданының табиғат жанашыларлары, еріктілер, мектеп оқушылары келіп, жағажайды тазалады. Оларға көрші ауылдардың тұрғындары қосылды.

Айсұлу Тайлақова, Жылыбұлақ ауылының тұрғыны:

Болысайық деп, көмегімізді беріп жақын ауылдан келіп тұрмыз. Хмельницкое ауылынан. Барлығы бұрынғыдай жақсы болсын, тазарсын. Бар күшімізді саламыз, болысамыз. Маралды көлі қасиетті көл.Мұнда демалуға Алматы, Астана және басқа шетелден келетін адамдар бар.

Тұрғындардың бар ниеті ақын Мұзафар Әлімбаев әнге қосқан әйгілі Маралды көлінің келбетін сақтап қалу.

 

Есенбек САНАТҰЛЫ, Болат АМАНБАЕВ