Павлодарда көпұлтты еліміздің рухани бірлігін айшықтайтын тағы бір жарқын мереке өтті. Достық үйінің алдындағы алаңда татар және башқұрт халықтарының дәстүрлі мейрамы — Сабантой – 2025 кең көлемде тойланды. Биылғы шара татар-башқұрт қоғамдық-мәдени орталығының 35 жылдығы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналды.

Сабантой - бұл тек еңбек мейрамы ғана емес, сонымен қатар, ұлт мәдениетінің, тарихының және дәстүрінің мерекесі. 1989 жылдан бері Павлодар Ертіс өңірінде тұрақты түрде ұйымдастырылып келе жатқан бұл шара бүгінде өңірдің басты этномәдени оқиғасына айналды.

Жанат Хаметов, Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының маманы

Осы жазғы этно-фестивальға арнап татар-башхур бірлестігі жылда сабантуй тойын өткізеді.Сабантуй деген баяғыдан татар-башхур жерінде бастау алған.Егін бітіп жаз басталғанда тойланатын мейрам.Мерекені жылда өткізіп отырады татар-башхур бірлестіктері.

 Мерекенің ресми бөлігінде жергілікті билік өкілдері мен Қазақстандағы татар-башқұрт Конгресінің мүшелері құттықтау сөз сөйледі. Ал мерекелік концерт көрермендерді ерекше әсерге бөледі. Қазан, Ақтөбе, Семей, Екібастұз қалаларынан келген шығармашылық ұжымдар ұлттық ән мен биден шашу шашты.

Айгүл Маликова,Павлодар облысы әкімінің орынбасары

Құрметті қауым бүгінгі күн шаттық пен қуанышқа, ән мен жырға,ұлттық тағамдар мен ойын-сауыққа толы болсын.Сабантой ұрпақтар сабақтастығын жалғап, достық пен өзара түсіністікті нығайта берсін.Баршамызға мықты денсаулық,береке жасампаз жетістіктер мен бейбіт аспан тілеймін.Мереке құтты болсын.

 Мерекеде өңір тарихымен тығыз байланысты тарихи тұлға — меценат Абдулфаттах Рамазановтың Мәскеуден арнайы келген ұрпақтары құрметті қонақ ретінде қатысып, аталарына деген ел алғысына куә болды.Айта кетейік, Абдулфаттах Рамазанов облыс орталығында халық арасында «Ақ мешіт» атанып кеткен ислам ғибадатаханасын 120 жыл бұрын салып, өңірдің рухани және мәдени дамуына зор үлес қосқан қайраткер.

Рустем Рамазанов, Абдулфаттах Рамазановтың шөбересі

Біз бұл жолы арнайы Мәскеуден келдік. Жақында отбасымыз туралы біраз тың мәліметтерге қол жеткіздік. Бұрын атамыз жайлы көп нәрсе білмейтін едік. Бір ай бұрын әлеуметтік желіден деректі фильм тауып алдық. Сол фильм арқылы атамыздың өмірі, Павлодармен байланысты тарихын тереңірек танып білдік. Атап айтқанда, атамыздың осы қалада мешіт салған екен. Биыл сол мешітке 120 жыл толып отыр. Осыған орай бізді Сабантой мейрамына арнайы шақырды, бұл – біздің отбасымыз үшін үлкен құрмет.00:52

Джәмиля Рамазанова, Абдулфаттах Рамазановтың шөбересІ

Бұл жерде тарих пен естеліктер жоғары деңгейде бағаланатыны қуантады.Деректі фильмге аса назар аударылған.Біз Павлодарға бірінші рет келіп тұрмыз. Қала халқы өте қонақ жай. Жылы ықыласпен қарсы алды.

Сабантой - бұл тек той емес, бұл татулықтың, өзара құрметтің, мәдени алмасудың белгісі. Павлодарлықтар үшін ол бейбіт өмір мен бірлік жолындағы ортақ мерекеге айналды.

Дильназ Куанышбекова