Еліміздің ауылдық өңірлерін дамытуға бағытталған «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы шалғай елді мекендерге серпін беріп отыр. Ертіс ауданы Майқоңыр ауылында осы бағдарлама аясында бірқатар инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда. Толығырақ тілші әңгімесінде.
Майқоңырда жаңа серпін. Оқу жылы аяқталғаннан кейін ауылдың тірегі саналатын, мектептің күрделі жөндеуі басталды. Қазір құрылыс жұмыстарының негізгі бөлігі аяқталуға жақын. Екінші және үшінші қабаттар толықтай жаңартылып, заманауи талаптарға сай жабдықталуда. Мектепте 54 оқушы білім алса, шағын орталықта 16 бүлдіршін тәрбиеленуде. 20 ұстаз балаларды білім нәрімен сусындатады. Айта кетейік, білім ошағының жаңаруына облыстық бюджеттен 26 млн теңге бөлінді.
Бақыт Назымова, Майқоңыр ЖОББМ басшысы
Биыл біздің ауылымызда «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасына ілініп, біздің мектеп күрделі жұмыстардан өтіп жатыр. Біз бұл сәтті өте көп күттік. Қазір 2,3 қабаттар аяқталып жатыр. 1 қыркүйек күні біздің оқушыларымыз жаңа мектепке келетін болады. Сондықтан мемлекетіміхге үлкен ризашылығысызды білдіреміз.
Ауыл тұрғындарының шаттығын арттырған тағы бір жаңалық — елді мекен ішіндегі жолдарды қалпына келтіру жұмыстары. Жергілікті әкімдіктің хабарлауынша, үш көшеге орташа жөндеу жүргізіледі. Жалпы ұзындығы 2 шақырым 100 метрді құрайды. Тас жол төсеу жұмыстары шілде айының соңында аяқталады. Бұл мақсатқа өңір қазынасынан 10 миллион теңге жұмсалды.
Асылбек Құсайынов, Майқоңыр ауылының әкімі
Биыл «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасына енді. Оның ішінде мектебіміз күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Және одан басқа орташа жөндеу жүргізіледі. Ол шілде айында басталады жұмыстар. 3 көше жалпы ұзындығы 2 шақырым, 100 метр болады. Мердігермен келісім шарт жасалды. Ол өзіміздің Ертіс ауылында орналасқан ЖШС жүргізілетін болады.
Сондай-ақ, биыл ауылда воркаунт алаңы салынып, оған 4 миллион 600 мың теңге көлемінде қаржы бөлінді. Қазір сол маңайды жарықтандыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл ойын алаңы балаларға қауіпсіз орта жасап, бос уақыттарын тиімді әрі қызықты өткізуге септігін тигізеді.
270 тұрғыны бар Майқоңыр ауылында жастар саны басым. Елді мекен халқы ауылдың жаңарып, дамып жатқанына риза. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы ауыл өміріне жаңа серпін сыйлады.
Әйгерім Тоқпанқызы