Павлодарға белгілі татар көпесі, меценат, Ақ мешіт құрылысына атсалысқан Абдулфаттах Рамазановтың ұрпақтары келді. Олар атасы жайлы тарихи деректерді түгендеумен айналысып жатыр. Облыстық мемлекеттік архив те құнды ақпарттармен, құжаттармен бөлісті. Тілшіміз айтсын.

Облыс орталығындағы көпшілік арасында Ақмешіт атанып кеткен діни орын - тарихи нысан. Бір жарым ғасырдан астам уақыт бұрын, яғни 1905 жылы бой көтерген. 1938 жылы мешіт қызметін тоқтатты, бір мұнарасы құлатылды. Ал, 1990 жылы қайта қалыпқа келтіріліп, діни нысан жұмысын бастады. Осы Павлодардағы алғашқы тас мешіт Абдулфаттах Рамазановтың бастамасымен бой көтергенін бірі білсе, енді бірі білмейді.

Надежда Кубик, Павлодар облысының мемлекеттік архиві басшысының орынбасары

Біз зерттеу жұмыс тобымен ҚР-ның Орталық мемлекеттік архивіне барып, біраз құжаттарды соңынан таптық. Осы құжаттардан көшірме жасап, бүгін Рамазановтың ұрпағына табыстаймыз. Бірінші құжат – мешіттің метрикалық кітаптары. Кітаптар араб-түрік тілінде жазылған. Оны біз қазақ-орыс тілдерінде ауыстырдық. Кейін олармен жұмыс жасауға болады. Ол құжатта Рамазановтың өзі ғана емес, оның балалары туралы ақпарат табылды. Қайсы қай жылдары туылғаны жайлы. Оның балалары көп болған, олардың біразы шақалақ кезінде қайтыс болған екен. Одан бөлек көпес Рамазановтың бірнеше рет үйленгені де белгілі болды.

Бұл құжаттарды архив қызметкерлері Павлодар облысына алғаш келген Абдұлфаттах Рамазановтың ұрпағына таныстырып, табыстады.

Рүстем Рамазанов, Абдулфаттах Рамазановтың ұрпағы

Мен кішкентай кезімнен отбасымның тарихына қызығатынмын. Әкем татар болды, өзінің аталары жайлы аса білмейтін, анамның ата-бабасы жайлы толық білетінмін. Алдымен 2000 жылы қуғын сүргінге ұшырағандар ақталғаны жайлы ақпарат таптып, одан атамның қайдан болғанын білдім. Видео, материалдар табылды.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік архивінде Павлодардағы Ақ мешіттің құрылысы туралы да біраз ақпарат сақталған. Абдұлфаттах Камалидинұлы Павлодар өңірінің белгілі меценаты, көпес болған. Мешіт салып мұсылман жамағатына өзінің өлшеусіз үлесін қосып кетті.

Надежда Кубик, Павлодар облысының мемлекеттік архиві басшысының орынбасары

Бұл құжаттардан көпес, меценат Рамазановтың өзі, өмірі туралы ғана емес, жалпы қаладағы татар қауымдастығының байланысы туралы білуге болады. Кейбір құжаттарда Абдұлфаттах Қамалиденұлы қандай да бір жағдайға тап болып, мешіт құрылысына қаржылай көмектесе алмаған татар қауымдастығына көмектесетіні туралы жазған. Құжаттар арқылы ұл-қыздарға мектептер ашылып, ондағы мұғалімдер қамту жағы толықтай қауымдастық мойнында болғаны анықталды.

Бұл ақпараттар Абдұлфаттах Камалиденұлының шөберелері үшін маңызды.

Рүстем Рамазанов, Абдулфаттах Рамазановтың ұрпағы

Біріншіден бұл мен үшін, менің болашақ балаларым үшін маңызды. Бұл бір әулеттің ғана емес, атам тұрған қала туралы тарих. Мен бұрын өзім жайлы ештеңе білмеппін. Енді атамның қаланың сәулетіне, өміріне үлес қосқанын білдім.

Абдұлфаттах Рамазановтың ұрпақтары қазір Ресейде тұрады. Енді олардың отбасылық архиві атасы жайлы мол, құнды мағлұматтармен толықты.

Самал Қалиқызы