Астана қаласында БАҚ қызметкерлері күні аясында мәдениет және ақпарат саласындағы мекемелер қызметкерлері арасында спартакиада өтті. Онда павлодарлық команда жеңіс тұғырынан көрінді.

Астана қаласында өткен спартакиадаға іріктеуден өткен облыстық филиалдар, «Қазтелерадио» АҚ-ның және мәдениет саласының қызметкерлері қатысты. Бұл мәдениет және ақпарат саласының өкілдері бас қосқан алғашқы ірі спорттық кездесу. Оны ҚР Мәдениет және Ақпарат министрлігі ұйымдастырды. Қол күрестен «Қазтелерадио» АҚ-ның Павлодар облыстық филиалынан Сергей Асхатұлы қатысты.

Сергей Бадыртенов, «Қазтелерадио» АҚ Павлодар облысы бойынша «Шығыс» филиалының электромонтері

Маған осы жарысқа қатысуға ұсыныс білдірді. Келістім, бардым. Мен армлеснигкпен бұрыннан өзім үшін айналысамын. Жарыстарға қатыстым, елді аралап. Осы жолы Көкшетауда іріктеуден өтіп, Астанаға өттім. Көкшетау, Петропавл, Қостанайдан келген қарсыластармен ойнап, 1 орын алдым.

Сондай-ақ, Астанада төрінде өткен додада «ERTIS» телеарнасының жаңалықтар жүргізушісі Сабина Жолдаспаева да үстел теннисінен қатысты. нәтижесінде жүлделі 1-орынды жеңіп алып, арна абыройын асқақтатты.

Сабина Жолдаспаева, «Ertis» телеарнасының редакторы, спартакиада жеңімпазы

Бір ай бұрын Көкшетау қаласында мәдениет және ақпарат саласы мекемелері арасында іріктеу кезеңі өткен болатын. Біз жолдама алдық Астана қаласына. Астана қаласында 6 адам сынға түсті. 2 партиядан 5 қарсыласым болдым. Жеңіске жетуге ұмтылдым. Республикалық кезең болды, үлкен тәжірибе берді. Біз сынға түстік.

Жарыс үстел теннисі, қол күрес, шахмат, тоғызқұмалақ, шағын футбол мен волейбол, футбол сынды спорт түрлерінен өтті. Айта кетейік, бұл жарысқа іріктеу кезеңі мамыр айында Көкшетау қаласында өтті. Кіл мықтылар елорда төрінде бақтарын сынады.

Самал Қалиқызы