Президент сайлауалды бағдарламасында саяси реформа мәселесін айрықша айтты. Сонын ішінде мемлекеттік басқару жүйесін реттеуді қолға алғаны өте құптарлық қадам болды. Елімізде ауыл әкімдерінің сайлауы алғаш рет 2021 жылдың шілдесінде өткені белгілі. Ал өткен демалыс күндері 7 аудан мен 2 қалаға қарасты ауылдық округтердің әкімдері сайланды. Бұл – жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін нығайтуға бағытталған нақты қадамдардың бірі.Толығырақ тілшіміз айтады.

Ауыл әкімдерін тікелей сайлау науқаны Екібастұз ауылдық аймағына қарасты Ақкөл, Байет, Сарқамыс, Теміржол, Шиқылдақ ауылдарында және Ақсу қаласының М.Омаров ауылында өтті. Сонымен қатар Ақтоғай, Аққулы, Баянауыл, Железин, Ертіс, Тереңкөл және Шарбақты аудандарының бірқатар ауылдық округтерінде әкімдер сайланды. Жалпы сайлауға 12 142 тұрғын қатысты.

Гүлсім Сүйіндікова, Павлодар облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі

Ағымдағы жылдың 29-шы маусымында Екібастұз қаласының 5 ауылдық округтерінде Ақсу қаласының 1 ауылдық округінде және 7 аудан 16 ауылдық округтері әкімінің сайлауы өтті. Оның 21-і өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты Бұл 2021 жылы алғашқы тікелей сайлауда сайланғандар.

Дауыс беру нәтижесінде 23 ауыл әкімі сайланды. Келесі сайлау науқаны 24 тамыз күні өтеді. Бұл жолы Жетекші ауылының әкімі таңдалады. Сенімді нығайтқан саяси реформа ел дамуына тың серпін беріп отыр.

Әйгерім Тоқпанқызы