Павлодарда «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының гастролі аншлагпен аяқталды. Театр әртістері көрермендерге бірден екі спектакль ұсынды. Айта кетейік, шығармашылық кеш жұмысшы мамандықтар жылына арналды. Толығырақ тілші материалынан көрейік.
Гастрольдік сапармен театр труппасынан 70-ке жуық әртістер мен музыканттар келді.Естай атындағы мәдениет сарайының фойесінде көрермендерге «Қауіпсіздік өнері» атты фотокөрме ұсынылды. Онда «Астана Опера» жұлдыздары жұмыс киімін киіп түскен суреттер қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңыздылығын көрсетті.
Талғат Мұсабаев, «Астана опера» мемлекеттік опера және балет театрының директоры
Павлодарлықтар классикалық музыканы жақсы көретінінің білеміз. Сондықтан қызықты туындыларды алып келдік.Қазіргі таңда үлкен компанияны сапарға шығару қиын,ол өте қымбат шығады. Бірақ демеушілеріміздің арқасында еліміздегі және мүмкіндігінше шетелдік көрермендердің алдында да өнер көрсетіп жүрміз.
Сахнада Антонио Вивальдидің «Қаһарлы Орландо» операсы қойылды.Бұл – театр репертуарындағы жаңа қойылымдардың бірі.Мұнда сүйіспеншілік, жақсылық, зұлымдық, өшпенділік көрсетілді. Опера әншілерінің жоғары шеберлігі көрермендерді ерекше қуанышқа бөледі.
Салтанат Мұратбекова, «Астана опера» мемлекеттік опера және балет театрының солисі
Бұл Вивальдидің операсы Альчинно деп аталған болатын басында. Бірақ ол заманда патриархат күштірек болды, сондықтан әйел адамның аты болмау керек деген ойлармен Орландо деген ер адамның атымен аталып кетті. Негізінде ол Альчинно деп аталуға тиісті, ол аралдың патшайымы, мен сол партиячны орындаймын. Музыкалық жағынан келетін болсақ өте ашық, айқын түспен боялған музыка.
Концертке Ақсу, Екібастұз және Павлодар қалаларынан кәсіпорын қызметкерлері, сондай-ақ балалар үйлері мен шығармашылық ұйымдардың тәрбиеленушілері шақырылды. Бұған дейін мұндай кеш Ақтөбе, Хромтау және Рудный қалаларында өткен еді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Астана Опера» 2022 жылы Павлодарда өнер көрсеткен және оларды көрермендердің жылы лебізі қайта оралуға шабыттандырды
Салтанат Мұратбекова, «Астана опера» мемлекеттік опера және балет театрының солисі
Өнерімізді басқа қалада паш етуге, шығармашылық алмасу. Өзімізге де ұнайды, бір қаладан бір қалаға бару бақыт негізі.
«Астана опера» теаатрының сапары мәдени интеграциядағы маңызды қадам болды. Әртістер көрермендерге итальяндық опера өнерін сезіндіре түсті.
Қымбат Садық